Тоқаев Алматыда оқушыларға соңғы үлгідегі оқу телескопын сыйлады

© Photo : Ақорданың ресми сайтыТоқаев Алматыдағы оқушылар сарайына барды
Тоқаев Алматыдағы оқушылар сарайына барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында оқушылар сарайына барды, деп хабарлады Ақорда.
Президентке ғылым-білім орталығын қайта қалпына келтірудің және жаңғыртудың алғашқы кезеңінің нәтижесі мен жоспары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің балалардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау үшін атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айтылды.
Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың көркем шығармашылық жұмыстарының көрмесімен және сарайдың жаңа инновациялық қызметімен танысты.
"Мемлекет басшысы биология және нейротехнология, гидропоника, 3D модельдеу және робот жасау зертханаларын, сондай-ақ анимация, дыбыс жазу, білім беру медиажобаларына арналған студияны аралап көрді", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы оқушылармен әңгімелесті және оларды Наурыз мерекесімен құттықтады.
Президент балаларға сыйлықтар тарту етті, соның ішінде мобильді құрылғы арқылы басқарылатын соңғы үлгідегі оқу телескопын сыйға тартты.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Оқушылар сарайына автобус сыйлады.
Айта кетері, Наурыз мейрамы қарсаңында Тоқаев Алматыда құттықтау сөз сөйледі. Президент Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, Наурыздың ежелден жақсылық пен жасампаздықты дәріптейтін мереке екенін айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2022
Қаңтар оқиғасы
Біз жаңа Қазақстанды, екінші республиканы құрамыз – президент
Жаңалықтар
0