Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Біз жаңа Қазақстанды, екінші республиканы құрамыз – президент

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамы тойланып жатқан алаңға келіп, алматылықтардың алдында сөз сөйледі. Ол Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, Наурыздың ежелден жақсылық пен жасампаздықты дәріптейтін мереке екенін атап өтті.
Ол бірліктің арқасында еліміз, әсіресе, Алматы жантүршігерлік қаңтар сынағынан сүрінбей өткенін, енді өзгеретін уақыт келгенін айтты.
"Алдымызда жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформалар тұр. Сіздермен, жастармен бірге біз міндетті түрде жаңа Қазақстанды – екінші республиканы құрамыз", - деді Тоқаев.
Президент зиялы қауымның және өнер, білім, ғылым, бизнес салалары өкілдерінің Алматы шаһарында шоғырланғанына тоқталып, қаңтар оқиғасы кезінде қала тұрғындарының зор қауіп-қатерге төтеп бергеніне ерекше мән берді.
"Сын сағатта тұрғындар нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті. Біз ауызбіршіліктің арқасында мемлекетімізді сақтап қалдық. Мен шаһарды қалпына келтіру үшін құзырлы органдарға нақты тапсырмалар бердім. Алматыны өркендету және жергілікті жұрттың тұрмыс сапасын жақсарту менің айырықша назарымда. Қазір біздің алдымызда зор міндеттер мен ауқымды жұмыстар тұр. Оны жүзеге асыруға алматылықтар барынша атсалысады деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанымызға тоқталып, өзінің халыққа Жолдауында айтылған көлемді реформалар елімізді түбегейлі жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті.
Президент бүгінгі мерекелік күннің жаңа өзгерістерге бастауына, тұғыры мығым, бірлігі бекем еліміздің жасай беруіне тілектестік білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөзінен кейін жиналған жұртшылықпен бірге мерекелік концертті тамашалады.
Наурыз мейрамы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2022
Тоқаев Алматыға Наурыз мейрамын тойлауға барды
Жаңалықтар
0