Оқиға

Таразда 35 жастағы ер адам МРТ аппаратының ішінде көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевМРТ
МРТ - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз — Sputnik. Таразда 35 жастағы жергілікті тұрғын магниттік-резонанстық томография аппаратынан көз жұмды. Атпалдай азаматты медициналық құралдың магниті ішке қарай тартып әкетіп, ол соның аузында кептеліп ажал құшқан, деп хабарлайды КТК арнасы.
Қайғылы жағдай қаладағы медициналық орталықтың бірінде болған. Мекемеде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүрген екі азамат МРТ аппаратын орнынан жылжытпақ болған. Сол кезде ұдайы қосылып тұратын медициналық қондырғының қуатты магниті Фуркат Хусаин-Ахуновты ішіне тартып әкеткен.
35 жастағы азамат екі бүктеліп аузында кептеліп қалыпты. Бірден есінен танған жігітті алып шығуға адамдардың күші жетпей, кейін денесін жүк көлігімен суырып алуға тура келген.
Қаза болған азаматтың жақындары оқыс оқиғаға кінәлілерді анықтап, жазаға тарту керек дейді. Ал болған жағдайға түсініктеме беретін медициналық орталықтан бірде-бір өкіл табылмады. Марқұмның артында әйелі мен төрт жасар қызы қалды.
Жамбыл облысы полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 3-бөлігі бойынша (Еңбек қорғау ережелерін бұзу) тергеу басталды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар жүргізіледі.
стоматология, архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Қоғам
Стоматологияда тісін жұлдырған Алматы тұрғыны қайтыс болды
Жаңалықтар
0