https://sputnik.kz/20220319/qostanay-oblysy-er-adam-shynzhyr-23640726.html
Қостанай облысында ер адам әйелін шынжырмен байлап қойған
Қостанай облысында ер адам әйелін шынжырмен байлап қойған
Sputnik Қазақстан
Ер адам отбасылық жанжал кезінде осындай оғаш әрекетке барған, әйел түні бойы батареяға байланған күйде отырған 19.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-19T14:13+0500
2022-03-19T14:13+0500
2022-03-19T14:13+0500
қостанай облысы
отбасылық жанжал
https://sputnik.kz/img/636/62/6366277_0:132:2947:1790_1920x0_80_0_0_20538d688ceed0d5f53d4e648195a211.jpg
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Қостанай облысының Тобыл қаласында ер адам әйелін шынжырмен байлап қойды, деп хабарлады Alau.kz.Қостанай облысы полициясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 44 жастағы әйел күйеуін жауапқа тартуды сұрап арыз жазған. Әйелдің айтуынша, отбасылық жанжал кезінде түнде күйеуі аяғын жылу радиаторына металл шынжырмен байлап тастаған. Ол сол жерде таңға дейін отырған.Ұсталған адам өз әрекетін жұбайының алкогольді асыра пайдалануымен байланыстырды. Ер адам мұндай әрекетке әйелі түнде кетіп қалмауы үшін барған.Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 126-бабы "Бас бостандығынан заңсыз айыру" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Осы бап бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Оқи отырыңыз: Алматы облысында вахтадан үйіне оралған ер адам әйелін өлтірді
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/636/62/6366277_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_d58b34799686c6a15c0685e28a55d248.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, отбасылық жанжал
қостанай облысы, отбасылық жанжал
Қостанай облысында ер адам әйелін шынжырмен байлап қойған
Ер адам отбасылық жанжал кезінде осындай оғаш әрекетке барған, әйел түні бойы батареяға байланған күйде отырған
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Қостанай облысының Тобыл қаласында ер адам әйелін шынжырмен байлап қойды, деп хабарлады
Alau.kz. Қостанай облысы полициясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 44 жастағы әйел күйеуін жауапқа тартуды сұрап арыз жазған. Әйелдің айтуынша, отбасылық жанжал кезінде түнде күйеуі аяғын жылу радиаторына металл шынжырмен байлап тастаған. Ол сол жерде таңға дейін отырған.
Ұсталған адам өз әрекетін жұбайының алкогольді асыра пайдалануымен байланыстырды. Ер адам мұндай әрекетке әйелі түнде кетіп қалмауы үшін барған.
Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 126-бабы "Бас бостандығынан заңсыз айыру" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Осы бап бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.