Алматы облысында вахтадан үйіне оралған ер адам әйелін өлтірді

© Sputnik / Тимур БатыршинИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2022
Жазылу
ТАЛДЫҚОРҒАН, 10 наурыз – Sputnik. Алматы облысында бір айдан кейін үйіне қайтып оралған вахташы әйелін өлтірді. Трагедияға қызғаныш себеп болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға Талғар ауданындағы елді мекендердің бірінде болды. Отағасы іссапардан келгенде әйелінің мас болып жатқанын, ал балалары аш-жалаңаш отырғанынкөрген.
Ер адам әйелін көзіме шөп салдың деп айыптап, жанжал шығарған. Сосын оны қатты соққыға жыққан. Әйел облыстық ауруханаға жеткізіліп, есін жимастан көз жұмды.
"Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Талғар аудандық полициясы.
Ведомство қылмыстық істі жан-жақты және объективті тергеу үшін мұндай жағдайда қажетті барлық сараптама тағайындалғанын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Павлодарда ер адам қызғаныштан өзінен 33 жас кіші сүйіктісін өлтіріп тастады
Жаңалықтар
0