https://sputnik.kz/20220317/qantardagy-tartipsizdik-almaty-auezhayy-23587348.html
Қаңтардағы тәртіпсіздік: Алматы әуежайында дүкен тонаған үш адам ұсталды
Қаңтардағы тәртіпсіздік: Алматы әуежайында дүкен тонаған үш адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
Үйлерінен 130 түрлі парфюмерлік және косметикалық өнім табылды 17.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-17T11:32+0500
2022-03-17T11:32+0500
2022-05-23T15:05+0500
алматы халықаралық әуежайы
қаңтар
тәртіпсіздік
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/1386/31/13863140_0:0:2501:1407_1920x0_80_0_0_4cbd0d224c939f33f8ee8a6f3c44ae97.jpg
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Көліктегі полиция қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде Алматы әуежайында дүкен тонаған үш адамды ұстады. Олар қолды еткен тауардың 200-ден астам түрі тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.ІІМ көліктегі полиция департаментінің жедел-тергеу тобы Алматы әуежайындағы дүкендерден тауар ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Көліктегі полиция департаментінің бастығы Онал Бәкиевтің айтуынша, бейнебақылау жазбаларын қарау кезінде үш күдікті анықталды: апалы-сіңлілі және біреуінің күйеуі. Үшеуі де Алматы облысының тұрғыны. "Олар 6 қаңтарға қараған түні жаппай тәртіпсіздік кезінде әуежайда біреудің мүлкін ұрлаған. Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде заттай айғақ – элиталық алкоголь, сондай-ақ 130 түрлі парфюмерлік және косметикалық өнім алынды. Сонымен қатар кофеханадан, кәдесый дүкенінен және дәріханадан ұрланған 94 түрлі тауар тәркіленді", - деді көліктегі полиция департаменті бастығы Онал Бәкиев. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабыны сәйкес ("Ұрлық") сотқа дейінгі тергеу басталды. 40 жастағы ер адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, 34 жастағы және 26 жастағы әйелдер жас балалары болуына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхат берді.
https://sputnik.kz/20220314/qantardagy-tartipsizdikter-bas-prokuror-23492632.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1386/31/13863140_78:0:2301:1667_1920x0_80_0_0_6cacc15f87580ebdd0191de91b434015.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы халықаралық әуежайы, қаңтар, тәртіпсіздік
алматы халықаралық әуежайы, қаңтар, тәртіпсіздік
Қаңтардағы тәртіпсіздік: Алматы әуежайында дүкен тонаған үш адам ұсталды
11:32 17.03.2022 (жаңартылды: 15:05 23.05.2022) Үйлерінен 130 түрлі парфюмерлік және косметикалық өнім табылды
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Көліктегі полиция қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде Алматы әуежайында дүкен тонаған үш адамды ұстады. Олар қолды еткен тауардың 200-ден астам түрі тәркіленді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
ІІМ көліктегі полиция департаментінің жедел-тергеу тобы Алматы әуежайындағы дүкендерден тауар ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Көліктегі полиция департаментінің бастығы Онал Бәкиевтің айтуынша, бейнебақылау жазбаларын қарау кезінде үш күдікті анықталды: апалы-сіңлілі және біреуінің күйеуі. Үшеуі де Алматы облысының тұрғыны.
"Олар 6 қаңтарға қараған түні жаппай тәртіпсіздік кезінде әуежайда біреудің мүлкін ұрлаған. Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде заттай айғақ – элиталық алкоголь, сондай-ақ 130 түрлі парфюмерлік және косметикалық өнім алынды. Сонымен қатар кофеханадан, кәдесый дүкенінен және дәріханадан ұрланған 94 түрлі тауар тәркіленді", - деді көліктегі полиция департаменті бастығы Онал Бәкиев.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабыны сәйкес ("Ұрлық") сотқа дейінгі тергеу басталды. 40 жастағы ер адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, 34 жастағы және 26 жастағы әйелдер жас балалары болуына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхат берді.