https://sputnik.kz/20220314/qantardagy-tartipsizdikter-bas-prokuror-23492632.html
Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге 50 мыңнан астам адам қатысты – бас прокурор
Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге 50 мыңнан астам адам қатысты – бас прокурор
Sputnik Қазақстан
Төртінші және бесінші қаңтарда азаматтар агрессивті топқа айналып, 11 өңірде зорлық-зомбылық жасады, деді Берік Асылов 14.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-14T09:56+0500
2022-03-14T09:56+0500
2022-05-23T14:56+0500
алматы
тәртіпсіздік
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23062991_0:0:3635:2046_1920x0_80_0_0_eb8b7795715067b935e0c3e3d9585456.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге 50 мыңнан астам адам қатысты. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Митингілер бастапқыда бейбіт болды. Бірінші қаңтардан бастап батыс өңірлердің тұрғындары газ бағасын төмендетуді талап етті. Яғни ешқандай саясат болған жоқ. Таза әлеуметтік-экономикалық талаптар қойылды. Өңірге жедел жолданған үкіметтік комиссия газ бағасына қатысты талаптарды қанағаттандырды", - деді ол.Осыған қарамастан Алматы, Шымкент және басқа өңірлерде адамдар көшеге шықты. Қатысушылардың жалпы саны екі күнде 50 мыңнан асты.Оның айтуынша, шенеуніктер бірнеше мәрте сабыр сақтауға шақырғанмен, жиналғандар қылмыстық және радикалды іс-әрекеттерге көшті. Төртінші және бесінші қаңтарда азаматтар агрессивті топқа айналып, 11 өңірде зорлық-зомбылық жасады."Ұйымдастырушылар айқын жоспармен әрекет етті. Ватсап және телеграм арқылы топтың жиналуы мен қозғалысын үйлестірді. Олар көп адам жинап, арматура, таяқ, тас, Молотов коктейлімен қаруландырды. Кейіннен топтың бір бөлігі дүкендерді қиратып, тонауға кірісті", - дейді бас пркурор.Тонаудан кейін қылмысты жасыру үшін тіпті көппәтерлі үйлердің бірінші қабатындағы үй жайларды өртеген.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23062991_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_8e426f6c6e88ced1602e778f40dea2fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тәртіпсіздік
Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге 50 мыңнан астам адам қатысты – бас прокурор
09:56 14.03.2022 (жаңартылды: 14:56 23.05.2022) Төртінші және бесінші қаңтарда азаматтар агрессивті топқа айналып, 11 өңірде зорлық-зомбылық жасады, деді Берік Асылов
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге 50 мыңнан астам адам қатысты. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Митингілер бастапқыда бейбіт болды. Бірінші қаңтардан бастап батыс өңірлердің тұрғындары газ бағасын төмендетуді талап етті. Яғни ешқандай саясат болған жоқ. Таза әлеуметтік-экономикалық талаптар қойылды. Өңірге жедел жолданған үкіметтік комиссия газ бағасына қатысты талаптарды қанағаттандырды", - деді ол.
Осыған қарамастан Алматы, Шымкент және басқа өңірлерде адамдар көшеге шықты. Қатысушылардың жалпы саны екі күнде 50 мыңнан асты.
"Ең көп адам Алматыда жиналды. Басында жиындар бейбіт сипатта өтті, алайда жағдай бақылаудан шыға бастады. Сондықтан әкімдер мен депутаттар халықпен сан рет кездесіп, қоғамдық тәртіпті бұзбауды сұрады", - деп толықтырды Берік Асылов.
Оның айтуынша, шенеуніктер бірнеше мәрте сабыр сақтауға шақырғанмен, жиналғандар қылмыстық және радикалды іс-әрекеттерге көшті. Төртінші және бесінші қаңтарда азаматтар агрессивті топқа айналып, 11 өңірде зорлық-зомбылық жасады.
"Ұйымдастырушылар айқын жоспармен әрекет етті. Ватсап және телеграм арқылы топтың жиналуы мен қозғалысын үйлестірді. Олар көп адам жинап, арматура, таяқ, тас, Молотов коктейлімен қаруландырды. Кейіннен топтың бір бөлігі дүкендерді қиратып, тонауға кірісті", - дейді бас пркурор.
Тонаудан кейін қылмысты жасыру үшін тіпті көппәтерлі үйлердің бірінші қабатындағы үй жайларды өртеген.