Қоғам

Адам өлтіргені үшін 25 жыл іздеуде жүрген ресейлік әйел Қазақстанда ұсталды

© Sputnik / Anar MustafayevКісен, қыз
Кісен, қыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2022
Жазылу
Қазақстанның көлік полицейлері Ресей азаматын ұстады. Ол 25 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бәкиев "Іздеу" және "Мигрант" жедел шаралары барысында кісі өлтіргені үшін 25 жыл іздеуде жүрген Ресей азаматының ұсталғанын хабарлады.
Әйелді Челябі облысының жедел уәкілдері іздестірген. Қылмыскер 10 наурызда қолға түсті.
"Сәтбаев қаласында департаменттің криминалды полиция басқармасы мен Қарағанды – Сортировочная стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Ресейдің 56 жастағы азаматын ұстады. Әйел аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін 25 жыл бойы тергеуден жасырынып жүрген", - деді Оңал Бәкиев.
Оның мәліметінше, ұсталған әйел адам өлтіргені үшін 1997 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде болған.
Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Ресейдің құқық қорғау органдарына оның ұсталғаны жайлы хабар берілді. Енді әйелді экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2021
Өңірлер
Апалы-сіңлілі екі қызды өлтірген: 24 жыл іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды
9 наурыздан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері іздеу жарияланған 11 қылмыскерді ұстаған. Соның ішінде он азаматты ТМД елдерінің құқық қорғау органдары іздестірген.
Жаңалықтар
0