Қомақты бюджет әскери қақтығыстағы жеңіске кепілдік бола алмайды

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуАмериканские военные инструкторы на Украине, село Старичи, архивное фото
Американские военные инструкторы на Украине,  село Старичи, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2022
Жазылу
Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша ресейлік әскери арнайы операция кезінде АҚШ пен Солтүстікатлантикалық альянс та өз жоспарын жүзеге асыруды көздеп отыр. Олар Украинаны өз мақсаттарына бейімдеуді қалайды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Сөз жүзінде НАТО-ның Ресеймен әскери қақтығысынан бас тартқан АҚШ бәрібір Бухарест, Братислава мен Варшаваны Мәскеумен тікелей әскери шиеленіске, Ресейге қатаң жауап қайтаруға және НАТО Жарғысының 5-бабын қосуға итермелеп отыр.
АҚШ, Германия мен Франция 15 наурызда кезекті рет ресми түрде Ресеймен әскери қақтығысты Украинадағы НАТО-ның ұшуға тыйым салынған аумағын іске қосуды жоққа шығарғанмен, дәл сол күні Киевте поляк вице-премьері Ярослав Качиньский Украинаға "кең халықаралық құрамдағы" НАТО-ның қарулы бітімгерлік миссиясын жөнелтуді ұсынды. Качиньскийден бөлек, Польша, Чехия мен Словения премьерлері Матеуш Моравецкий, Петр Фиала мен Янез Янша Киев режимін қолдайтындарын аңғартты.
Ресейлік сыртқы істер министрі Сергей Лавров Киев билігінің позициясына АҚШ ықпал етіп отырғанын айтты. Америкалық президент Джозеф Байден алдағы күндері Киевке әскери қажеттіліктер үшін 1 миллиард доллардан астам қаражат бөлінетінін жария етуі керек. Күні кеше Байден құны 13,6 миллиард болатын Украинаға әскери көмек көрсету пакетіне қол қойды.
Ақ үй Украинаға танктердің көзін жоюға арналған Switchblade-600 соққы жасаушы пилотсыз ұшатын аппаратты жеткізуді қарастырып жатыр. Бірақ НАТО-ның 70 жылдық тарихы қомақты бюджет әскери қақтығыстағы жеңіске кепілдік емес екенін сан рет дәлелдеді.
Альянстың жақында өткен кеңесі "Украинаға әскери көмекті түбегейлі кеңейту" туралы жалпы шешім қабылдаған жоқ. 16 наурызда Грузия, Украина, Финляндия, Швециядағы серіктестердің қатысуымен НАТО қорғаныс министрлерінің кезектен тыс кездесуі "шығыс аймақтағы" позицияны күшейтуге арналған.
"Украина өз аумағына көз тіккен НАТО-ға кірмей отыр. Сондықтан америкалықтар Ресеймен қарулы қақтығысқа еуропалық одақтастарын итермелей бастады. Альянстың шығыс шебінде алғаш рет 40 мыңға жуық әскери қызметші алғаш рет шоғырланды. НАТО-ның жүз мыңдаған сарбазы жоғары әскери дайындықта тұр. Пентагонның броньдалған техникасын Германиядан Польша мен Румынияға жеткізу жалғасып жатыр. Ресейдің Заполярьедегі шекарасына жақын маңда 30 мың әскери, 50 кеме және АҚШ әскери-әуе күштерінің В-1В Lancer стратегиялық бомбалаушы-зымыран тасымалдағыштарын қоса алғанда, 200 соғыс ұшағы қатысқан Cold Response 2022 атты ауқымды НАТО маневрі өтіп жатыр", - деп жазды Александр Хроленко.
Казахстанцы поднимаются на борт самолета для возвращения домой из аэропорта Катовице - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2022
Украинадан тағы 89 қазақстандық елге оралады
АҚШ-тың Украинаға Польша әскери-әуе күштері арқылы МиГ-29 жойғыш ұшақтарын жөнелту кедергілерге тап болды. Румыния қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, "соғыс қарсаңында тұрған мемлекетке жойғыш ұшақтар жеткізу үшін НАТО келісімін алу қажет". Сондықтан АҚШ мұндай техниканы екіжақты келісім негізінде жолдай алмайды. Ал Ресей Киевке бағытталған әскери техникалар Мәскеудің заңды нысанасына айналатынын ескертті.
24 наурызда өтетін НАТО-ның кезектен тыс саммиті АҚШ-тың шығысеуропалық одақтастарын Ресеймен қарулы қақтығысқа тағы бір табан жақындатуы ықтимал. Пентагон өкілі Air Force Magazine журналына НАТО-мен келіссөз АҚШ-тың шығыс шепте тұрақты әскери орналасуына алып келуі мүмкін екенін мәлімдеді.
НАТО біріккен күштерінің бас қолбасшысы және Еуропадағы АҚШ Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Тод Уолтерс Шығыс Еуропадағы әскери ұшақтар Украинаға аса үлкен тиімділік алып келмейтінін айтты. Себебі Ресей Әскери-ғарыш күштері күніне 200-ге жуық ұшуларды орындаса, Украинада бұл көрсеткіш 10 ұшаққа жетіп отыр. Әйтсе де Украина Әскери-әуе күштеріне тиесілі қиратылған ұшақтар мен пилотсыз ұшатын техника санының өсуі ел батысындағы аэродромдар қалпына келтірілгенін ғана емес, сондай-ақ олардың Румыния мен Польша аэродромдарына орналасуын да аңғартып тұр.
Хроленконың пікірінше, Украина президенті Владимир Зеленскийдің АҚШ Конгресінен Киевке С-300 кешенін, түріктердің пилотсыз ұшатын "Байрактарын" ұсынуды талап етуі Ресеймен әскери қақтығысқа НАТО-ны тартуға деген әрекет екені анық. Дегенмен, АҚШ-тың бұл әрекетіне әлемдік қауымдастық толық қолдау танытпай отыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0