Украинадан тағы 89 қазақстандық елге оралады

© © Photo:Telegram / МИД КазахстанаКазахстанцы поднимаются на борт самолета для возвращения домой из аэропорта Катовице
Казахстанцы поднимаются на борт самолета для возвращения домой из аэропорта Катовице - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Украинадағы қазақстандықтардың бесінші легі елге оралады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, бесінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:53-те Катовицеден Алматыға ұшты.
Ұшақ Алматы әуежайына шамамен 15:15-те жетеді.
Ұшақ бортында 89 жолаушы бар.
Айта кетері, 14 наурызда Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмектің бірінші партиясын жіберді. Жіберілген гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 28,2 тонна, оның ішіне антибиотиктер, қабынуға, жөтелге қарсы және антигипертезивті препараттар енді.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан азаматтарының бесінші легі бір күн бұрын гуманитарлық көмектің бірінші партиясын Польшаның Катовице қаласына жеткізген ұшақпен келе жатыр.
Ал Украина жіберілген көмек әрі қарай автокөлікпен жеткізіледі.
Бұған дейін Украинадан қазақстандықтар 4 лекпен эвакуацияланды. 28 ақпанда Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі жеткізілді. Алғашқы рейспен 169 ересек, 6 бала елге оралды.
1 наурызда Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген екінші рейс Нұр-Сұлтанға жетті. Ол рейспен 120 ересек және 4 бала елге оралды. Үшінші рейс 4 наурызда орындалды. Бортта 131 адам болды, оның 20-сы бала.
Төртінші рейс 10 наурызда елге келді. Ұшақта 155 жолаушы болған.
Жолдағы жүк көлігінің суреті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Экономика
Украинадан 49 қазақстандық жүк көлігі шығарылды
Жаңалықтар
0