Денсаулық

Қай жерде бетперде тағу керек - санитар дәрігердің жаңа қаулысы

© Sputnik / Абзал КалиевМедициналық бетперде
Медициналық бетперде - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2022
Жазылу
Қаулыда көрсетілген жағдайлардан басқасында маска тақпауға рұқсат етілген
НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.
Құжатта қай жерде маска тағу міндетті екені көрсетілген:
5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда қоғамдық тамақтану орындарында (тамақтану кезінде емес), халыққа қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте;
СOVID-19 жұқтыруы мүмкін адамға көмек көрсету кезінде;
СOVID-19-ға ұқсас белгілері бар адамдарға (дене қызуының көтерілуі, жөтел, түшкіру) маска тағу керек.
Люди в масках на улицах Нур-Султана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Денсаулық
Қазақстандықтарға енді ашық ауада маска тағу міндетті емес
Жаңалықтар
0