Денсаулық

Қазақстандықтарға енді ашық ауада маска тағу міндетті емес

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на улицах Нур-Султана
Люди в масках на улицах Нур-Султана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Жазылу
"Сары" және "жасыл" аймақтарда Ashyq қосымшасын пайдаланбауға болады
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз - Sputnik. Қазақстанда енді ашық ауада бетперде тағу міндетті емес. Сондай-ақ, "сары" және "жасыл" аймақтарда Ashyq қосымшасын пайдаланбауға болады.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мынадай шешім қабылдады:
Эпидемиологиялық қауіптің "сары" және "жасыл" аймақтарда барлық нысанда: "Ashyq" мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар, міндетті термометрия алынып тасталады;
Барлық аймақта ашық ауада маска тағу міндетті емес;
COVID-ке қарсы вакцина алмаған қызметкерлерге күндізгі режимде жұмысқа баруға шектеу қойылмайды;
Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу алынып тасталды.
Вице-премьер Ералы Тоғжанов әкімдіктерге азаматтарды вакцинациялау мен қайта вакцинациялау қарқынын күшейтуді тапсырды.
Қазіргі уақытта елдің барлық өңірі "жасыл" аймақта тұр.
Жаңалықтар
0