Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары қалай жұмыс істеп жатыр

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуСитуация на границе Крыма с Украиной
Ситуация на границе Крыма с Украиной - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2022
Жазылу
Донецк халық республикасының астанасына Украина тыйым салынған кассеталы оқ-дәрімен соққы жасағанын, "Точка-У" қаруын бейбіт халыққа қарсы қолданғанын Батыс байқамаған сыңай танытып, мұндай оқиға болмағандай кейіп білдірді, деп жазды РИА Новости.
Батыстағы ешбір телеарна бұл жаңалықты жариялаған жоқ, ешқандай басылым жазған жоқ. Әлем елдерінің көшбасшылары ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Тек БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш қана екіұдай мағыналы пікір білдірді.
"Батыстағы бұқаралық ақпарат құралдары қос стандартты ұстануына қоғамның еті үйренді. Оның үстіне, соңғы жылдары антиресейлік жалған ақпараттың барлығы дерлік осы жақта жарық көріп жатыр. Дегенмен, өз аудиториясының сенімінен айырылып қалмас үшін өзекті оқиғаларды жариялауда әділдіктен танбау керек емес пе?" – деп жазылған материалда.
Бірақ Ресей Украинадағы арнайы әскери операцияны бастағаннан кейін бұл жағдай тіпті өршіп кетті. БАҚ жаңалықтарды жариялаудың орнына толыққанды, ашық үгіт-насихатқа көшті. Олар өз оқырмандарына шындықпен еш жанаспайтын жалған ақпаратты ұсынып отыр, дейді материал авторы.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери салада қызметке кіріскен баспасөз құралдары екі тараптың бірін таңдағанмен, қарсы жақтың мәлімдемелерін де жариялап, оны қоғам назарына ұсынған. Мысалы, кеңестік және британ баспасөзі Гитлер мен Геббельс мәлімдемелерін талқылады, ал неміс газеттері Черчиль мен Сталин баяндамаларын ұсынды.
Дирижер Валерий Гергиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Батыс орыс мәдениетіне тұсау салды
Автордың жазуынша, батыстағы БАҚ Донбасс қалаларының Украина қарулы күштері жаудырған оқ астында қалғанын жарияламайды. Кейде тіпті Донецк пен Горловкадағы қираған үйлердің суретін ресейлік снарядтан зардап шеккен Украина қалалары ретінде жариялап жатыр.
Шетелдік БАҚ украин әскерилерінің Донбасс аумағында келтірген залалын жарияламауына бұл аймақта меншікті тілшілері жоқ екенін себеп етіп көрсетіп отыр. Бірақ бұл Донецктегі кадрларды алуға кедергі болмай отырған жоқ па? Мариупольдегі перзентхана ғимаратының қиратылуы туралы жаңалықтар әлі қайталанып жарияланып жатыр. Ал Донбастағы балабақшалар, перзентханалар, мектептер, ауруханалардың украин снарядтарынан қирағаны туралы ешкім тіс жармай отыр.
"БАҚ-та жарық көрген ақпараттардың бір тақырыпта болуы, ал кей мәселелердің мүлде қозғалмауы оларды үйлестіретін арнайы орталық бар екені туралы ой тудырады. Себебі Украина аумағында анықталған АҚШ-қа тиесілі құпия биозертханалар мәселесі туралы батыстағы журналистер жазған жоқ. Ал Ресейдің Нидерландыдағы елшісі Александр Шульгин осы мәселені танымал саяси шоу барысында көтеруге талпынғанда, оны эфирден шығарып тастады", - деп жазды сайт.
Бұл мәселе БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі деңгейінде көтерілмегенде және оған Қытай араласпағанда, бұл үнсіздік бұзылмас еді. Биозертханалар жайлы айтуға оқталғандарды "реселік агент" немесе "сатқын" деп қаралап жатыр.
Сонымен қатар батыстағы БАҚ әлі де Киев режимінің бақылауында тұрған Луганск халық республикасына қарасты Кременная қаласының мэрі Владимир Структың қасақана өлтірілуін, сегіз жыл бойы соғыс тақырыбында өлең жазған 70 жастағы ақын Ян Таксюрді қамауға алынуын да жазған жоқ.
"Сол сияқты, Украинадағы оппозиционер саясаткерлер, қоғам белсенділеріне қатысты қысым көрсетіліп жатқаны жайлы да айтылмады. Ал Донбасс республикаларына бағытталған батыс үлгісіндегі Javelin мен NLAW зымыран кешендері туралы ше? Жаңалық жоқ", - деп жазды автор.
Бұл аталған мәселелердің барлығы батыста сөз бостандығының шынайы екеніне күмән тудырады. Бұл аймақта БАҚ расында да тәуелсіз бе?
Жаңалықтар
0