Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейге қарсы санкциялар Еуропа экономикасына қалай әсер етіп жатыр

© REUTERS / GONZALO FUENTESПариж
Париж - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2022
Жазылу
Батыстағы баспасөз құралдары Ресейге қарсы салынған санкцияларға жайлы егжей-тегжейлі тоқталып, орыстардың экономикасы үшін күрделі шақ туғанын, кейбірі тіпті РФ дефолт қарсаңында тұрғанын жазып жатыр
Алайда шетелдік басылымдар бұл жағдай өздерінің қаржы және өнеркәсіптік жүйелеріне де соққы болатынын мойындағысы келмей отырған сыңайлы, деп жазды РИА Новости.
Өткен бейсенбіде Майтингендегі Lech-Stahlwerk немістердің болат құю комбинаты, сондай-ақ Portland Valderrivas Cementos испан цемент зауыты өндірісті тоқтататыны туралы хабарлады. Бүкіл Бавариядағы жалғы болат құю өндірісіндегі мыңнан астам жұмысшы мен олардың цемент шығаратын кәсіпорындағы испан әріптестері белгісіз мерзімге еңбек демалысына жіберілді. Компания басшылары өнеркәсіп тұтынушылары үшін электр энергиясының бағасы бір мегаватт үшін екі жүз еуродан төмендемейінше өндірісті қайта қосу мүмкін емес екені туралы билікке ресми түрде ескертті.
Немістерге тиесілі Delkeskamp Packagingwerke қағаз фабрикасы да жұмысты жалғастыра алмайтыны туралы хабарлады. Нысан иелері электр энергиясын қалыпты жеткізуді қалпына келтіруді және өнеркәсіптік тұтынушылар үшін баға саясатын қайта қарастыруды сұрап, федералды үкіметке хат жолдады.
Бірнеше күн бұрын ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарын шығаратын екінші ірі кәсіпорын – норвегиялық Yara компаниясы электр энергиясының тым жоғары бағасына алып келген табиғи газдың рекордтық бағасына алып келуі салдарынан оның Италия мен Франциядағы екі негізгі кәсіпорны шығарылатын өнім көлемін процентке дейін азайтатынын хабарлады. Италияның Феррара және француздардың Гавр қаласында орналасқан зауыттар жалпы алғанда жылына бір миллион тоннадан астам аммиак және шамамен тоғыз жүз мың тонна карбамид шығарады. Карбамид агроөнеркәсіптік секторда тыңайтқыш ретінде қолданылады.
Бұл жағдайдың күрделі екенін толығымен ұғыну үшін дәл осы Yara өндіріс қарқыны мен көлемін өткен жылдың қараша-желтоқсанында-ақ қырық процентке төмендеткенін және ол кезде де электр тасымалдағыштардың бағасы себеп болғанын ескеру керек. Сондықтан қазір өндірістің толығымен тоқтап қалуы турасында мәселе туындап отыр. Ал еуропалық нарықта ауыл шаруашылығы өнімдерінің де, тыңайтқыштың да бағасы шарықтап кетті.
Телевидение, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресейлік телеарналар Еуропа хабар тарату одағынан шықты
Өткен аптада Trasportounito италиялық жүк тасымалдаушылар қауымдастығы алыс жолға жүретін жүргізушілердің мерзімі шектелмеген ереуілге шыққанын хабарлады. Наразылықтарға Ресейге қарсы енгізілген санкциялармен байланысты туындаған қиыншылықтар себеп болып отырғанын аңғару қиын емес. Италияда бензин мен дизельдің бір литр екі еуродан асатын бағада сатылып жатыр. Бұл автомобильді жүк тасымалының тиімділігіне қатысты күмән тудырып отыр. Көлік компанияларының алдында екі таңдау тұр: бірі – өздеріне шығын келсе де жұмысты жалғастыру беру, екіншісі – жүк тасымалы бағасын көтеру. Ал бұл өз кезегінде тапсырыстар санының азаюына алып келеді. Нағыз тығырыққа тірелген жағдай.
Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, пандемия салдарынан туындаған энергетикалық дағдарыстан енді ғана еңсесін көтеріп келе жатқан Еуропа елдері қайтадан қиындыққа тап болатын түрі бар. 9 наурызда еуропалық өнеркәсіптің барлық негізгі секторының өкілдері қол қойған ұжымдық хат Еуропалық комиссияға жолданды. Еуропа болат қауымдастығы (EUROFER), Еуропа цемент қауымдастығы (CEMBUREAU), Еуропа керамика өнеркәсібінің қауымдастығы (Cerame-Unie), Еуропа ферроқорытпа өндірушілер қауымдастығы (EUROALLIAGES), Еуропа түрлі-түсті металл өндірушілер қауымдастығы (EUROMETAUX), Еуропа металл және минералды тау-кен өнеркәсібі қауымдастығы (EUROMINES), Еуропа керамзит қауымдастығы (EXCA) және Еуропа әйнек өнеркәсібі альянсы (Glass Alliance Europe) Брюссельден энергетика нарығын тұрақтандыруға арналған шұғыл шаралар қабылдауды талап етті.
Өнеркәсіп саласының қауымдастықтары Еурокомиссия энергия тасымалдағыштары мен электр энергиясының бағасы өсуін тоқтатпаса, бұл еуропалық өнеркәсіптің тоқырауына және экономикалық дағдарысқа алып келетінін ескертті. Ірі бизнес иелері жаңартылатын энергия көздерін энергияны қамтамасыз ететін тиімді амал деп қарастырмайтындарын жеткізіп, үкіметтен табиғи газ, мұнай мен көмірді сатып алу және Ресейден келетін жеткізулерге қатысты толық түсініктеме беруді талап етті.
Британ баспасөзі сәуір айындағы мұнай фьючерстерінің құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жиырма есеге өскенін хабарлады. Украина аумағында арнайы операция басталғаннан кейін және соның салдарынан Ресейге қарсы санкциялар енгізілген соң еуропалық биржалардағы табиғи газдың бағасы 79 процентке қымбаттады. Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 140 доллардан сатылып, екі аптаның ішінде ол он процентке қымбаттады. Осылай жалғаса берсе, бұл көрсеткіш бір баррель мұнай 147 доллардан сатылған 2008 жылғы рекордты жаңартуы ықтимал. Егер бастапқы энергия көздері қымбаттаса, онда электр энергиясының бағасы да сол күйінде қалмайтыны анық. Ұлыбританияда өткен аптада бір мегаватт-сағат электр қуатының құны 345 еуроға жетсе, Германияда 220 еуродан асты.
Бағаның шарықтауы аясында Еуропа көшбасшылары антиресейлік көзқарастарын біршама өзгерткені байқалады. Мысалы, Олаф Шольц Еуропа Мәскеуге жаңа санкция салудың барлық құралын қолданып қойғанын айтса, Борис Джонсон тіпті "Ресей мен оның халқының ұлылығына ешкім ешқашан күмәнданбағанын" мәлімдеді.
Daily Mail хабарлағандай, украин жеріндегі арнайы операция басталуынан бір ай бұрын Ұлыбритания ресейлік энергия тасымалдағыштарды сатып алуға 2,6 миллиард фунт жұмсап, тарихи рекорд орнатты. Лондон бірнеше жылдан бері Ресеймен аса тату емес қарым-қатынаста екенін ескерсек, бұл қызықты әрі түсініксіз жайт болып отыр. Дегенмен, құрлықтағы бағаның өсуіне бұл импорт еш көмектесе алмады.
Жаңалықтар
0