Жаппай тәртіпсіздіктен кейін ұсталғандарды азаптаған 9 қызметкер қамауға алынды

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2022
Жазылу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 234 қылмыстық істі тергеп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасынан кейін азаптау фактілері бойынша 9 лауазымды тұлғаның ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Прокуратураға тергеудің рұқсат етілмеген әдістеріне қатысты барлығы 301 шағым түсті. Олар бойынша азаптау және билікті асыра пайдалану фактілері бойынша 243 қылмыстық іс қозғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 234 қылмыстық істі тергеп жатыр", - деді Асылов мәжілістің жалпы отырысында.
Оның айтуынша, уақытша ұстау изоляторларында көз жұмған адамдар бойынша тексеріс басталды.
"Аталған істер аясында 9 лауазымды тұлға ұсталды. Оның сегізі – ҰҚКД қызметкері мен біреуі – полицей. Барлығы сот санкциясымен қамауға алынды. Олардың арасында Алматы облысы полиция департаменті ғимаратында үтікпен азаптады деген күдікке ілінген полицей бар", - деп атап өтті Асылов.
Ал ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаментінің алты қызметкері "Дикий Арманның" қылмыстық тобы ұрлаған 24 азаматты азаптады деп айыпталып отыр. Салдарынан жәбірленушілердің барлығы дене жарақатын алған. Бір адам қаза болды.
Бұдан бөлек, тағы екі қызметкер уақытша ұстау изоляторында бұрын ұсталған азаматты аяусыз соққыға жықты деген күдікке ілінді. Ол да көз жұмды.
Айта кетері, бұған дейін Қазақстанда қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталған 6 азамат уақытша ұстау изоляторында қайтыс болғаны белгілі болды.
Оның айтуынша, 2 адам – Алматыда, 3 адам Шығыс Қазақстан облысында және бір адам Талдықорғанда көз жұмды.
 Алматыдағы тәртіпсіздік  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2022
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы кезінде 230 адам қаза тапты
Жаңалықтар
0