https://sputnik.kz/20220314/qantar-oqigasy-23494117.html
Қаңтар оқиғасы кезінде 230 адам қаза тапты
Қаңтар оқиғасы кезінде 230 адам қаза тапты
Sputnik Қазақстан
20 адам тәртіпсіздіктің кездейсоқ құрбаны болды, олардың көпшілігі – алматылықтар 14.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-14T10:29+0500
2022-03-14T10:29+0500
2022-05-23T14:26+0500
тәртіпсіздік
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19054600_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_c2908a6527f04f8d12962107ebadd9f4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде 230 адам қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әкімшілік ғимараттарға жасалған шабуылдарға тойтарыс беру және құқықтық тәртіп орнату барысында шабуыл жасаған 86 адамның көзі жойылды.Көз жұмған 53 адам бойынша өлімнің мән-жайы анықталып жатыр. Олар қала аумағынан түрлі жарақатпен табылды, соның ішінде 48 – оқ жарақаты, 2 – пышақ, 3 түрлі жарақат және күйік.Басқа жеті өңірде құқық қорғау күштері әкімдік, полиция, ҰҚК департаменті ғимараттарын қорғау кезінде шабуыл жасаған 63 адамды өлтірді."Дәл қазір біз абайсызда оқ тиіп көз жұмған 20 бейбіт азамат туралы білеміз. Олардың 11-і Алматыда, 8-і Алматы облысында және біреуі Таразда", - деп түйіндеді бас прокурор.
https://sputnik.kz/20220314/qantardagy-tartipsizdikter-bas-prokuror-23492632.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19054600_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_1c13ec7a0d225b9dbdd6c7db51ff26e0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәртіпсіздік
Қаңтар оқиғасы кезінде 230 адам қаза тапты
10:29 14.03.2022 (жаңартылды: 14:26 23.05.2022) 20 адам тәртіпсіздіктің кездейсоқ құрбаны болды, олардың көпшілігі – алматылықтар
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде 230 адам қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қаңтар оқиғаларының құрбандарына тоқталсақ. Ел бойынша барлығы 230 адам қаза тапты, олардың арасында 19 күштік құрылым қызметкері мен әскерилер бар. Ең көп қаза тапқандар Алматыда – 139 адам", - деді Асылов.
Әкімшілік ғимараттарға жасалған шабуылдарға тойтарыс беру және құқықтық тәртіп орнату барысында шабуыл жасаған 86 адамның көзі жойылды.
Көз жұмған 53 адам бойынша өлімнің мән-жайы анықталып жатыр. Олар қала аумағынан түрлі жарақатпен табылды, соның ішінде 48 – оқ жарақаты, 2 – пышақ, 3 түрлі жарақат және күйік.
Басқа жеті өңірде құқық қорғау күштері әкімдік, полиция, ҰҚК департаменті ғимараттарын қорғау кезінде шабуыл жасаған 63 адамды өлтірді.
"Дәл қазір біз абайсызда оқ тиіп көз жұмған 20 бейбіт азамат туралы білеміз. Олардың 11-і Алматыда, 8-і Алматы облысында және біреуі Таразда", - деп түйіндеді бас прокурор.