https://sputnik.kz/20220314/ukimet-malimdeme-23489506.html
Үкімет мәлімдеме жасады
Үкімет мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Үкімет халықты үрейге салынбауға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды 14.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-14T08:24+0500
2022-03-14T08:24+0500
2022-03-14T08:25+0500
экономика
үкімет
мәлімдеме
https://sputnik.kz/img/939/56/9395661_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_5f7271fce6bc0cbbd1faafcf6ea92934.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Қазақстан үкіметі халық арасында "алдағы экономикалық проблемалар" туралы алыпқашпа әңгіменің күшейіп кетуіне байланысты ресми мәлімдеме жасады.Бүгінде үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асырып жатыр. Соның аясында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған сан алуан шаралар қарастырылған. Мәселен, мемлекеттік бюджет есебінен депозитке сыйақы аударуды көздейтін теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы қолға алынды.Жеке тұлғалардың депозиттеріне мемлекет кепілдік береді. Осы жылдың қаңтарында халықтың теңгедегі жинақ депозиттері бойынша кепілдік сомасы 20 миллион теңгеге дейін, сондай-ақ әртүрлі депозиттерге кепілдік берудің ең жоғары жиынтық сомасы жоғарылады. Бұдан басқа, бағаның өсуін тежеу шаралары атқарылып жатыр."Жалпы, үкімет, Ұлттық банк және қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Бұл үшін күн сайын Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырыстары өткізіледі. Оның шеңберінде экономикалық жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлері бойынша шешімдер пысықталады", - делінген хабарламада.Осы орайда үкімет халықты үрейге салынбауға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды. Ал арандатушылық сипаттағы анық емес және жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін де еске салды.
https://sputnik.kz/20220313/qant-khalyq-durbelen-23485786.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/939/56/9395661_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_669e4670079cd32d36bab2da8c48c1d1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, мәлімдеме
Үкімет мәлімдеме жасады
08:24 14.03.2022 (жаңартылды: 08:25 14.03.2022) Үкімет халықты үрейге салынбауға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Қазақстан үкіметі халық арасында "алдағы экономикалық проблемалар" туралы алыпқашпа әңгіменің күшейіп кетуіне байланысты ресми мәлімдеме жасады.
Бүгінде үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асырып жатыр. Соның аясында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған сан алуан шаралар қарастырылған. Мәселен, мемлекеттік бюджет есебінен депозитке сыйақы аударуды көздейтін теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы қолға алынды.
"Екінші деңгейлі банктерде 2022 жылдың 12 наурызындағы жағдай бойынша шамамен 15,3 триллион теңге немесе активтердің 40% құрайтын өтімділігі жоғары активтердің қоры бар. Еркін өтімділіктің болуы банктерге өз міндеттемелеріне уақытылы және толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Банктердің өтімділік бойынша пруденциялық нормативтері реттеушінің ең төменгі талаптарынан төрт еседен астам артық", - делінген ресми мәлімдемеде.
Жеке тұлғалардың депозиттеріне мемлекет кепілдік береді. Осы жылдың қаңтарында халықтың теңгедегі жинақ депозиттері бойынша кепілдік сомасы 20 миллион теңгеге дейін, сондай-ақ әртүрлі депозиттерге кепілдік берудің ең жоғары жиынтық сомасы жоғарылады. Бұдан басқа, бағаның өсуін тежеу шаралары атқарылып жатыр.
"Жалпы, үкімет, Ұлттық банк және қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Бұл үшін күн сайын Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырыстары өткізіледі. Оның шеңберінде экономикалық жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлері бойынша шешімдер пысықталады", - делінген хабарламада.
Осы орайда үкімет халықты үрейге салынбауға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды. Ал арандатушылық сипаттағы анық емес және жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін де еске салды.