Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтарда билікті кім басып алғысы келді – депутат нақты сұрақ қойды

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаДепутаты на заседании
Депутаты на заседании - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2022
Жазылу
Дәл қазір кімнің тапсырыс бергенін және кімнің орындаушы болғанын айта алмаймын, деді бас прокурор
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қанат Нұров бас прокурордан қаңтар оқиғалары кезінде кімнің билікті басып алғысы келгенін ашық айтуды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бүгін жақсы баяндамалар жасалды. Бірақ мен бір нәрсені түсінбедім. Тапсырыс беруші кім? Мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырушы кім? Қастандықтың жалпы картинасын көріп отырған жоқпын. Бүгінде олардың жоспарына қатысты алдын ала мәлімет бар ма? Ең соңында оларды кім басқаратын еді?", - деді Нұров.
Бас прокурор Берік Асылов дәл қазір ол сұраққа жауап бере алмайтынын жеткізді. Бірақ тергеу кезінде анықталатынын айтты.
"Тергеу жүргізіп жатқанымызға екі айдан асты. Ұйымдастырушы кім? Бұның бәріне кім жетекшілік етті? Бүлікті бастаған кімдер? Бұл – өте үлкен әрі маңызды сұрақ. Сондықтан дәл қазір кімнің тапсырыс бергенін және кімнің орындаушы болғанын айта алмаймын. Тергеудің соңында осы сұрақтың нақты жауабын табамыз деген ойдамын", - деп жауап берді Асылов.
Кәрім Мәсімов - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2022
Қаңтар оқиғасы
Кәрім Мәсімов 17 жылға сотталуы мүмкін – бас прокуратура
Жаңалықтар
0