Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Кәрім Мәсімов 17 жылға сотталуы мүмкін – бас прокуратура

© Sputnik / Владислав ВодневКәрім Мәсімов
Кәрім Мәсімов - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2022
Жазылу
Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді, пара алды деген күдікке ілінді
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Бас прокурор Берік Асылов ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы мен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық істер туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Кәрім Мәсімовтың ісі мен оның қанша жылға сотталатынын сұрады. Бас прокурордың айтуынша, ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы және оның орынбасарлары 17 жылға сотталуы мүмкін.
"Мәсімов, оның үш орынбасары және екі бөлімше бастығына қатысты бірнеше іс қозғалып, тергеліп жатыр. Соның ішінде мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алуға әрекеттену, билікті асыра пайдалану және пара алу қылмыстары бар. Бұрынғы төраға мен оның орынбасарлары қамауда. Олардың әрекеттеріне құқықтық бағаны сот береді", - деді Асылов.
"Бірақ алдын ала айтып кететін болсақ, аталған қылмыстар үшін Қылмыстық кодексте 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп түйіндеді ол.
Айта кетері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 6 қаңтарда қызметінен босатылды. 8 қаңтарда оның ұсталғаны белгілі болды. Сондай-ақ оның екі орынбасары – Әнуар Садықұлов ("А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы) мен Дәулет Ерғожин ұсталды. Артынан Мәсімовтың тағы бір орынбасары Марат Өсіпов қамауға алынды. Ал Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қызметінен босатылды.
Басында Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеу басталған. Күдіктілерге мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттерден басқа, "билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" бабы бойынша айып тағылып отыр. Сосын пара алу фактілері бойынша тергеу шаралары қолға алынды.
Мәсімов премьер-министр лауазымында болғанда бизнес-құрылымның бірінен астанада құны 2,5 миллиард теңге тұратын элиталық тұрғын үй мен жер телімін алды деген күдікке ілінді. Оның коттеджінен бума-бума доллар мен қымбат көліктер тәркіленді.
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Мәсімов ҰҚК басшысы болып тұрғанда заңсыз сотталдық – бұрынғы офицерлердің мәлімдемесі
Жаңалықтар
0