https://sputnik.kz/20220314/amal-merekesine-oray-otpan-tauda-ot-zhagyldy--23507853.html
Амал мерекесіне орай Отпан тауда от жағылды
Амал мерекесіне орай Отпан тауда от жағылды
Sputnik Қазақстан
Маңғыстау облысында Амал мерекесіне орай Отпан таудағы бірлік оты жағылды, деп хабарлады облыс әкімідігі. 14.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-14T17:06+0500
2022-03-14T17:06+0500
2022-03-14T17:31+0500
наурыз мейрамы
видео
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0e/23507730_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_5e28ef5d42ad1f7796ed85e9dd209b40.jpg
Маңғыстау облысында Амал мерекесіне орай Отпан таудағы бірлік оты жағылды, деп хабарлады облыс әкімідігі.Жергілікті халық жыл сайын Амал мерекесінде Маңғыстаудың ең биік нүктесінде жиналады. Ата-бабаға құран бағыштайды. Одан кейін "Адай ата-Отпан тау" тарихи - мәдени кешенінде бірлік алауын жағу рәсімі өтеді.Бұрын жау жақындағанда жауынгерлерге белгі беру үшін от жағылған. Бүгінде бұл - ел бірлігі мен ынтымағының нышаны. 2008 жылдан бастап Отпан Тауда Амал мерекесі кеңінен тойланады. Содан бері бірлік оты мереке кезінде ата-бабаларды еске алу үшін жағылады.Биылғы шара барысында қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан азаматтардың рухына құран бағышталды. Ал ақсақалдар халқымызды бірлікке, татулыққа шақыратын үндеу жариялады.Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев та барлық маңғыстаулықтарды айтулы мерекемен құттықтады.Айта кетері, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады."Барша Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтаймын. Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді "Амал келді, жыл келді" деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Дәстүр бойынша осы күні қыстан аман шыққан жұртымыз төс қағысып көріскен. Жыл мерекелі де берекелі болсын!", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.Айта кетері, 14 наурызда қазақстандықтар Амал мерекесін тойлап жатыр. Көрісу күні елдің батыс аймағынан басталады. Бұл күні жастар үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнап, "Жасың құтты болсын!", "Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болсын!", "Бір жас қосуыңмен!" деп құттықтайды.Мереке күні адамдар ерте оянып, туған-туысы мен достарын аралап, қол алысып, құшақтасады.
https://sputnik.kz/20220314/qazaqstan-korisu-kuni-23491840.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Отпан таудағы от жағылды
Sputnik Қазақстан
Отпан таудағы от жағылды
2022-03-14T17:06+0500
true
PT1M12S
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0e/23507730_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_d31b4106099d1cfa13b944fa4517a1b9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
наурыз мейрамы
Маңғыстау облысында Амал мерекесіне орай Отпан таудағы бірлік оты жағылды, деп хабарлады облыс әкімідігі.
Жергілікті халық жыл сайын Амал мерекесінде Маңғыстаудың ең биік нүктесінде жиналады. Ата-бабаға құран бағыштайды. Одан кейін "Адай ата-Отпан тау" тарихи - мәдени кешенінде бірлік алауын жағу рәсімі өтеді.
Бұрын жау жақындағанда жауынгерлерге белгі беру үшін от жағылған. Бүгінде бұл - ел бірлігі мен ынтымағының нышаны. 2008 жылдан бастап Отпан Тауда Амал мерекесі кеңінен тойланады. Содан бері бірлік оты мереке кезінде ата-бабаларды еске алу үшін жағылады.
Биылғы шара барысында қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан азаматтардың рухына құран бағышталды. Ал ақсақалдар халқымызды бірлікке, татулыққа шақыратын үндеу жариялады.
Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев та барлық маңғыстаулықтарды айтулы мерекемен құттықтады.
"Отпан таудың басында алау ең алдымен халқымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында жанын берген ата-бабаларымыздың рухына тағзым ету үшін жағылады. Ол халықтың бірлігін білдіреді. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, тәуелсіздігімізді жариялай отырып, біз ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманын орындадық. Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ел мен бірліктің, игілік пен өркендеудің тірегі болған біздің жолымыз елімізге табыс әкелсін. Бүгінгі "бірлік алауы" біздің бірлігіміздің символына айналсын. Руға, жүздерге, ұлттарға бөліспей, бәріміз ортақ Отанымызға адал қызмет етеміз", - деді облыс басшысы.
Айта кетері, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады.
"Барша Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтаймын. Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді "Амал келді, жыл келді" деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Дәстүр бойынша осы күні қыстан аман шыққан жұртымыз төс қағысып көріскен. Жыл мерекелі де берекелі болсын!", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.
Айта кетері, 14 наурызда қазақстандықтар Амал мерекесін тойлап жатыр. Көрісу күні елдің батыс аймағынан басталады. Бұл күні жастар үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнап, "Жасың құтты болсын!", "Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болсын!", "Бір жас қосуыңмен!" деп құттықтайды.
Мереке күні адамдар ерте оянып, туған-туысы мен достарын аралап, қол алысып, құшақтасады.