https://sputnik.kz/20220314/qazaqstan-korisu-kuni-23491840.html
Қазақстандықтар Көрісу күнін тойлап жатыр
Қазақстандықтар Көрісу күнін тойлап жатыр
Sputnik Қазақстан
Мереке күні адамдар ерте оянып, туған-туысы мен достарын аралап, қол алысып, құшақтасады 14.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-14T09:39+0500
2022-03-14T09:39+0500
2022-03-14T09:39+0500
наурыз
https://sputnik.kz/img/964/49/9644981_0:3:2398:1352_1920x0_80_0_0_0bdda1a30e87d8f6be5c1b152a8096cc.jpg
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Қазақстандықтар бүгін Көрісу күнін тойлап жатыр. Мереке Қазақстанның батыс өңірінен бастау алады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды.Бұл күні жастар үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнап, "Жасың құтты болсын!", "Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болсын!", "Бір жас қосуыңмен!" деп құттықтайды.Мереке күні адамдар ерте оянып, туған-туысы мен достарын аралап, қол алысып, құшақтасады.Амал күнін ақындар да жырына қосқан. Соның бірі – маңғыстаулық ақын Рахат Қосбармақ:Амал күні қазағым көріседі, Көрісу, бұл – көненің желісі еді. "Жасың құтты болсын!" деп жамырасып, Ақ ниетпен адал қол беріседі. Көріседі – "Көңілдер жібісін" деп, Көріседі – "Тасысын ырысың!" деп. Көріседі – "Көк мұз да жылысын" деп, Көріседі – "Оң болсын Ұлысың!" деп. Көріседі – қайғы-мұң кетіруге, Көріседі – қайтадан жетілуге. Алты ай қыстан арыған жанын демеп, Көріседі – бел буып, бекінуге. Ағайынды араздық ірітеді, Ауызбірлік, ынтымақ-үгіт – емі. Ескі жылда қатқан мұз, қалған сызды Көріскен күн көңілмен жібітеді.Көрісу күні қалай пайда болды?Көрісу күнінің қашан және қалай пайда болғаны туралы нақты дерек жоқ, алайда этнографтардың бір бөлігі оны күнтізбемен байланыстырады.Жыл – жердің күнді айналуы (365 күн 5 сағат 48 минут), ай – айдың жерді айналуы (29 тәулік 12 сағат 44 минут) және тәулік – жердің өз осінен айналуы (23 сағат 56 минут 4 секунд). Яғни, бір жылда нақты 365 күн болмайды.Б.з.д. 45 жылы Рим императоры Юлий Цезарь "Юлиан күнтізбесін" енгізген. Юлиан күнтізбесіндегі әрбір төрт жылдың үшеуі 365 күннен, біреуі 366 тәуліктен тұрады деп бекітіледі. Бірақ Цезарь бір жыл 365,25 тәуліктен тұрады деп есептегендіктен, күнтізбе 128 жыл сайын бір тәулікке артта қалып отырған.Содан кейін Рим папасы Григорий XIII жылдың ұзақтығын 365 күнге, кібісе жылдарды (төрт жыл сайын айналып келетін жыл) 366 тәулікке теңдестіріп, айды 28, 29, 30, 31 тәулікке бөліп, уақытты 10 күнге алға жылжытып, григориан күнтізбесін жасайды. Осылайша Римде 1582 жылдың 4 қазанында ұйқыға жатқан италиялықтар келесі күні 15 қазанда оянды.Алайда жаңа күнтізбені барлық халық бірден қабылдамады. Мысалы Кеңес үкіметі күнтізбені қабылдаған уақытта алшақтық 13 күнге жетті. Сөйтіп ескі күнтізбені 1918 жылдың 31 қаңтарында жауып, келесі күнді 14 ақпаннан бастап санады. Алайда халық шатаспау үшін біраз уақытқа дейін күнтізбеде жақшаға ескі стиль бойынша уақыт та жазылып жүрді: 1 наурыз (14 наурыз).Батыстағы қазақстандықтардың 14 наурызда Көрісу күнін тойлауы да осыған байланысты болуы мүмкін. Яғни, жаңа жылды көктемнің алғашқы күні тойлап жүрген халық жаңа күнтізбеге сай енді 14 наурызда атап өтетін болған.Бұл туралы Ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлы Ахаттың жазбаларында 14 наурыз – ескіше бірінші наурыз екені айтылады."Әкей айтты: бүгін ескіше 1 март, қазақша Жаңа жыл – Ұлыстың ұлы күні. Жаңа жылдың бұрынғы аты – Наурыз, бұл парсы тілінде "жаңа күн" дегенді білдіреді. Жаңа жыл басының Ұлыс екеніне мынадай дәлел бар: "Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болады. Үлкен кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар деген", делінген.Наурыз 10 күн тойланады14 наурыз – көктемнің басты мерекесі Наурыз мерекесінің басталуы саналады.Бұған дейін Қазақстанда Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту ұсынылды. Соған орай ел үкімет тиісті тұжырымдама жасаған.Құжатқа сәйкес:14 наурыз – "Көрісу күні",15 наурыз – "Жайлау күні",16 наурыз – "Шежіре күні",17 наурыз – "Тарихқа тағзым күні",18 наурыз – "Игі істер күні",19 наурыз – "Шымырлық пен шеберлік күні",20 наурыз – "Зияткерлік күні",21 наурыз – "Ұлттық тағамдар күні",22 наурыз – "Ұлыстың ұлы күні",23 наурыз – "Жоралғы күні"."Наурыз мейрамын тойлауға қатысты іс-шаралар 14-23 наурыз аралығында өткізіледі (10 күн)", - деп жазылған құжатта.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/964/49/9644981_297:0:2101:1353_1920x0_80_0_0_420179ce66ce2e0dc56a399e8c97750b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
наурыз
Қазақстандықтар Көрісу күнін тойлап жатыр
Мереке күні адамдар ерте оянып, туған-туысы мен достарын аралап, қол алысып, құшақтасады
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Қазақстандықтар бүгін Көрісу күнін тойлап жатыр. Мереке Қазақстанның батыс өңірінен бастау алады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды.
Бұл күні жастар үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнап, "Жасың құтты болсын!", "Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болсын!", "Бір жас қосуыңмен!" деп құттықтайды.
Мереке күні адамдар ерте оянып, туған-туысы мен достарын аралап, қол алысып, құшақтасады.
Амал күнін ақындар да жырына қосқан. Соның бірі – маңғыстаулық ақын Рахат Қосбармақ:
Амал күні қазағым көріседі, Көрісу, бұл – көненің желісі еді. "Жасың құтты болсын!" деп жамырасып, Ақ ниетпен адал қол беріседі. Көріседі – "Көңілдер жібісін" деп, Көріседі – "Тасысын ырысың!" деп. Көріседі – "Көк мұз да жылысын" деп, Көріседі – "Оң болсын Ұлысың!" деп. Көріседі – қайғы-мұң кетіруге, Көріседі – қайтадан жетілуге. Алты ай қыстан арыған жанын демеп, Көріседі – бел буып, бекінуге. Ағайынды араздық ірітеді, Ауызбірлік, ынтымақ-үгіт – емі. Ескі жылда қатқан мұз, қалған сызды Көріскен күн көңілмен жібітеді.
Көрісу күні қалай пайда болды?
Көрісу күнінің қашан және қалай пайда болғаны туралы нақты дерек жоқ, алайда этнографтардың бір бөлігі оны күнтізбемен байланыстырады.
Жыл – жердің күнді айналуы (365 күн 5 сағат 48 минут), ай – айдың жерді айналуы (29 тәулік 12 сағат 44 минут) және тәулік – жердің өз осінен айналуы (23 сағат 56 минут 4 секунд). Яғни, бір жылда нақты 365 күн болмайды.
Б.з.д. 45 жылы Рим императоры Юлий Цезарь "Юлиан күнтізбесін" енгізген. Юлиан күнтізбесіндегі әрбір төрт жылдың үшеуі 365 күннен, біреуі 366 тәуліктен тұрады деп бекітіледі. Бірақ Цезарь бір жыл 365,25 тәуліктен тұрады деп есептегендіктен, күнтізбе 128 жыл сайын бір тәулікке артта қалып отырған.
Содан кейін Рим папасы Григорий XIII жылдың ұзақтығын 365 күнге, кібісе жылдарды (төрт жыл сайын айналып келетін жыл) 366 тәулікке теңдестіріп, айды 28, 29, 30, 31 тәулікке бөліп, уақытты 10 күнге алға жылжытып, григориан күнтізбесін жасайды. Осылайша Римде 1582 жылдың 4 қазанында ұйқыға жатқан италиялықтар келесі күні 15 қазанда оянды.
Алайда жаңа күнтізбені барлық халық бірден қабылдамады. Мысалы Кеңес үкіметі күнтізбені қабылдаған уақытта алшақтық 13 күнге жетті. Сөйтіп ескі күнтізбені 1918 жылдың 31 қаңтарында жауып, келесі күнді 14 ақпаннан бастап санады. Алайда халық шатаспау үшін біраз уақытқа дейін күнтізбеде жақшаға ескі стиль бойынша уақыт та жазылып жүрді: 1 наурыз (14 наурыз).
Батыстағы қазақстандықтардың 14 наурызда Көрісу күнін тойлауы да осыған байланысты болуы мүмкін. Яғни, жаңа жылды көктемнің алғашқы күні тойлап жүрген халық жаңа күнтізбеге сай енді 14 наурызда атап өтетін болған.
Бұл туралы Ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлы Ахаттың жазбаларында 14 наурыз – ескіше бірінші наурыз екені айтылады.
"Әкей айтты: бүгін ескіше 1 март, қазақша Жаңа жыл – Ұлыстың ұлы күні. Жаңа жылдың бұрынғы аты – Наурыз, бұл парсы тілінде "жаңа күн" дегенді білдіреді. Жаңа жыл басының Ұлыс екеніне мынадай дәлел бар: "Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болады. Үлкен кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар деген", делінген.
14 наурыз – көктемнің басты мерекесі Наурыз мерекесінің басталуы саналады.
Бұған дейін Қазақстанда Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту ұсынылды. Соған орай ел үкімет тиісті тұжырымдама жасаған.
14 наурыз – "Көрісу күні",
15 наурыз – "Жайлау күні",
16 наурыз – "Шежіре күні",
17 наурыз – "Тарихқа тағзым күні",
18 наурыз – "Игі істер күні",
19 наурыз – "Шымырлық пен шеберлік күні",
20 наурыз – "Зияткерлік күні",
21 наурыз – "Ұлттық тағамдар күні",
22 наурыз – "Ұлыстың ұлы күні",
23 наурыз – "Жоралғы күні".
"Наурыз мейрамын тойлауға қатысты іс-шаралар 14-23 наурыз аралығында өткізіледі (10 күн)", - деп жазылған құжатта.