https://sputnik.kz/20220313/qazaqstan-aleumettik-kasipkerlik-23486350.html
Бюджет ақшасын үнемдейді: әлеуметтік кәсіпкерлер үшін қандай жеңілдіктер бар
Бюджет ақшасын үнемдейді: әлеуметтік кәсіпкерлер үшін қандай жеңілдіктер бар
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына жол ашатын заң былтыр жазда қабылданды. Ал биыл қаңтардан бастап ол күшіне енді 13.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-13T19:31+0500
2022-03-13T19:31+0500
2022-03-13T19:31+0500
қоғам
әлеуметтік
кәсіпкер
https://sputnik.kz/img/727/74/7277498_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_5fec94656d3dde9a35a433cf1bd8fb90.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Әдетте, мемлекеттің ресурсы шектеулі болғанда, қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды шешуге әлеуметтік кәсіпкерлер тартылады. Қазақстан да бұл халықаралық практикадан тыс қалмады. Елде әлеуметтік кәсіпкерлік заңмен бекітілді.Әлеуметтік кәсіпкерлік деген неӘлеуметтік кәсіпкерлік пайда табуды емес, ең әуелі, азаматтардың әлеуметтік түйткілдерін шешуді көздейді. Яғни, әлеуметтік кәсіпкерлер – қалтасын қампайтуды емес, халықтың қамын ойлап, қоғам игілігі үшін жұмыс істейтіндер. Сол арқылы бюджеттің әлеуметтік салаға бөлетін ақшасын да үнемдейді.Бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлік Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея секілді елдерде жақсы дамыған. Бұл елдерде үкіметтік емес ұйымдар, даму институттары, әлеуметтік кәсіпкерлер жетіп артылады. Ал Колумбия, Египет, Үндістан елдерінде әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениеті енді-енді қалыптасып келе жатыр.Қазақстанда "әлеуметтік кәсіпкер" ұғымы заңмен алғаш рет енгізілді.Кімдер әлеуметтік кәсіпкер атана аладыҚазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің төрт категориясы бар.Бірінші санатқа халықтың әлеуметтік әлжуаз тобын жұмысқа алатын кәсіпорындар жатады. Олар: мүгедектер, мүгедек баласы бар ата-аналар, зейнеткерлер мен зейнет жасына жақындағандар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар, тұрмысы төмен, көпбалалы ата-аналар, қандастар.Бұл санатқа жататын әлеуметтік кәсіпкерлер бұрын сотталып, жазасын өтеп шыққандарды, есірткіге тәуелділігі үшін медициналық оңалтудан өткен адамдар мен тұрғылықты жері жоқ адамдарды да жұмыспен қамтуға міндетті.Бұл ретте кәсіпорында мұндай санаттағы жұмысшылар саны 51%-тен кем болмауы шарт.Айта кетері, бұрын сотталғандар педагогикалық қызметке тартылмайды. Яғни мектеп, балабақшада жұмыс істемейді.Екінші категорияға халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы шығаратын тауарлар мен қызметтерді сатуға жәрдемдесетін кәсіпкерлер жатады.Үшінші санатқа мүгедектерге арнап тауар өндірумен және қызмет көрсетумен айналысатын субъектілер кіреді.Ал төртінші категория қоғамға пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған және әлеуметтік проблемаларды шешуге ықпал ететін қызметпен айналысатын субъектілерді қамтиды.Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Эрик Жамбыловтың айтуынша, жыл басынан бері әзірге тек екі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Екеуі де Қарағанды облысында істейді. Қос кәсіпорын да бірінші санаттан, яғни халықтың әлеуметтік әлжуаз тобын жұмыспен қамтып отыр."Әлеуметтік кәсіпкерлік жаңа тетік қой. Көбі одан хабарсыз. Сондықтан өңірлерде ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Менің ойымша, тоқсан сайын әлеуметтік кәсіпкерлер қатары толығады", - деп түсіндірді Жамбылов Sputnik Қазақстан тілшісіне әлеуметтік кәсіпкерлердің аздығын.Қандай жеңілдіктер барҚазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлерге әртүрлі мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Соның бірі салық жеңілдіктері. Дәлірек айтқанда, әлеуметтік кәсіпорындар корпоративтік табыс салығы, әлеуметтік, жер салығынан босатылады. Мүлікті жалға алу кезінде жеңілдіктерге ие болады.Бұдан бөлек, ақпараттық қолдау да қарастырылған. Халыққа әлеуметтік кәсіпкерліктің маңызын түсіндіру үшін министрлік медиа жоспар бекіткен. Соның аясында республикалық және өңірлік деңгейде семинарлар, дөңгелек үстелдер мен баспасөз мәслихаттары өткізіледі.Әлеуметтік кәсіпкерлер реестріЭрик Жамбылов бұрын Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері туралы статистика жүргізілмегенін атап өтті. Сол үшін жаңа заңда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері реестрі деген ұғым енгізілген."Бұл реестрге кіру үшін жергілікті атқарушы органдар арнайы комиссия құрады. Оның құрамына кәсіпкерлер палатасы, қауымдастықтар мен кәсіподақтар, мүдделі органдардың өкілдерін тартады. Комиссия мүшелері әлеуметтік кәсіпкерлерден түскен өтінімді қарайды. Олар әлеуметтік кәсіпкердің төрт санаттың қайсысына жататынын анықтап, ортақ шешім қабылдайды. Кейін сол шешімдерін ұлттық экономика министрлігіне жолдайды. Біз соның негізінде әлеуметтік кәсіпорындарды реестрге енгіземіз", - деді департамент директоры.Айтуынша, бұл жұмыс тоқсан сайын жүргізіледі. Қазір елдің барлық өңірінде комиссия құрылған. Әлеуметтік кәсіпорындар реестріне кіру процесі шамамен екі апта уақыт алады.Қоғамдық қор әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі санала маӘлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жатады. Бірақ ірі кәсіпорындар кірмейді."Заңды тұлға коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйым да бола алады. Демек, заңды тұлғалар бірлестігі, қауымдастықтар мен қорлар коммерциялық емес ұйымдар саналады. Яғни олар әлеуметтік кәсіпкерлік реестріне ену үшін өтінім бере алады.Біз болашақта әкімдіктерден осы жұмысқа кедергі жасамауды талап етеміз. Өйткені іс жүзінде әлеуметтік кәсіпкерлікпен ЖШС немесе АҚ емес, қоғамдық қорлар, қауымдастықтар айналысып жүргенін байқап отырмыз. Яғни ерекше қажеттілігі бар адамдарды көбіне олар жұмысқа тартады", - деді Жамбылов.
https://sputnik.kz/20220208/toqaev-khalyq-tonay-22611949.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Нұргүл Абай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341490_0:0:1056:1056_100x100_80_0_0_b6439d5f42bb76de26037282ce5a81f3.jpg
Нұргүл Абай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341490_0:0:1056:1056_100x100_80_0_0_b6439d5f42bb76de26037282ce5a81f3.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/727/74/7277498_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_1cf6c4fcd7417efbb910b9e838fef87b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Нұргүл Абай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341490_0:0:1056:1056_100x100_80_0_0_b6439d5f42bb76de26037282ce5a81f3.jpg
әлеуметтік, кәсіпкер
Бюджет ақшасын үнемдейді: әлеуметтік кәсіпкерлер үшін қандай жеңілдіктер бар
Нұргүл Абай
тілші-редактор
Әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына жол ашатын заң былтыр жазда қабылданды. Ал биыл қаңтардан бастап ол күшіне енді
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Әдетте, мемлекеттің ресурсы шектеулі болғанда, қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды шешуге әлеуметтік кәсіпкерлер тартылады. Қазақстан да бұл халықаралық практикадан тыс қалмады. Елде әлеуметтік кәсіпкерлік заңмен бекітілді.
Әлеуметтік кәсіпкерлік деген не
Әлеуметтік кәсіпкерлік пайда табуды емес, ең әуелі, азаматтардың әлеуметтік түйткілдерін шешуді көздейді. Яғни, әлеуметтік кәсіпкерлер – қалтасын қампайтуды емес, халықтың қамын ойлап, қоғам игілігі үшін жұмыс істейтіндер. Сол арқылы бюджеттің әлеуметтік салаға бөлетін ақшасын да үнемдейді.
Бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлік Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея секілді елдерде жақсы дамыған. Бұл елдерде үкіметтік емес ұйымдар, даму институттары, әлеуметтік кәсіпкерлер жетіп артылады. Ал Колумбия, Египет, Үндістан елдерінде әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениеті енді-енді қалыптасып келе жатыр.
Қазақстанда "әлеуметтік кәсіпкер" ұғымы заңмен алғаш рет енгізілді.
Кімдер әлеуметтік кәсіпкер атана алады
Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің төрт категориясы бар.
Бірінші санатқа халықтың әлеуметтік әлжуаз тобын жұмысқа алатын кәсіпорындар жатады. Олар: мүгедектер, мүгедек баласы бар ата-аналар, зейнеткерлер мен зейнет жасына жақындағандар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар, тұрмысы төмен, көпбалалы ата-аналар, қандастар.
Бұл санатқа жататын әлеуметтік кәсіпкерлер бұрын сотталып, жазасын өтеп шыққандарды, есірткіге тәуелділігі үшін медициналық оңалтудан өткен адамдар мен тұрғылықты жері жоқ адамдарды да жұмыспен қамтуға міндетті.
Бұл ретте кәсіпорында мұндай санаттағы жұмысшылар саны 51%-тен кем болмауы шарт.
Айта кетері, бұрын сотталғандар педагогикалық қызметке тартылмайды. Яғни мектеп, балабақшада жұмыс істемейді.
Екінші категорияға халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы шығаратын тауарлар мен қызметтерді сатуға жәрдемдесетін кәсіпкерлер жатады.
Үшінші санатқа мүгедектерге арнап тауар өндірумен және қызмет көрсетумен айналысатын субъектілер кіреді.
Ал төртінші категория қоғамға пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған және әлеуметтік проблемаларды шешуге ықпал ететін қызметпен айналысатын субъектілерді қамтиды.
Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Эрик Жамбыловтың айтуынша, жыл басынан бері әзірге тек екі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Екеуі де Қарағанды облысында істейді. Қос кәсіпорын да бірінші санаттан, яғни халықтың әлеуметтік әлжуаз тобын жұмыспен қамтып отыр.
"Әлеуметтік кәсіпкерлік жаңа тетік қой. Көбі одан хабарсыз. Сондықтан өңірлерде ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Менің ойымша, тоқсан сайын әлеуметтік кәсіпкерлер қатары толығады", - деп түсіндірді Жамбылов
Sputnik Қазақстан тілшісіне әлеуметтік кәсіпкерлердің аздығын.
Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлерге әртүрлі мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Соның бірі салық жеңілдіктері. Дәлірек айтқанда, әлеуметтік кәсіпорындар корпоративтік табыс салығы, әлеуметтік, жер салығынан босатылады. Мүлікті жалға алу кезінде жеңілдіктерге ие болады.
"Қаржылай көмек те бар. Яғни пайыздық мөлшерлемені субсидиялау. Мысалы, әлеуметтік кәсіпкер екінші деңгейлі банктен кредит алды делік. Мемлекет банк белгілеген пайыздық ставканың бір бөлігін субсидиялайды. Қателеспесем, шамамен 5-7 проценті. Бұл да кәсіпкерлерге әжептәуір көмек", - деп санайды департамент директоры.
Бұдан бөлек, ақпараттық қолдау да қарастырылған. Халыққа әлеуметтік кәсіпкерліктің маңызын түсіндіру үшін министрлік медиа жоспар бекіткен. Соның аясында республикалық және өңірлік деңгейде семинарлар, дөңгелек үстелдер мен баспасөз мәслихаттары өткізіледі.
Әлеуметтік кәсіпкерлер реестрі
Эрик Жамбылов бұрын Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері туралы статистика жүргізілмегенін атап өтті. Сол үшін жаңа заңда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері реестрі деген ұғым енгізілген.
"Бұл реестрге кіру үшін жергілікті атқарушы органдар арнайы комиссия құрады. Оның құрамына кәсіпкерлер палатасы, қауымдастықтар мен кәсіподақтар, мүдделі органдардың өкілдерін тартады. Комиссия мүшелері әлеуметтік кәсіпкерлерден түскен өтінімді қарайды. Олар әлеуметтік кәсіпкердің төрт санаттың қайсысына жататынын анықтап, ортақ шешім қабылдайды. Кейін сол шешімдерін ұлттық экономика министрлігіне жолдайды. Біз соның негізінде әлеуметтік кәсіпорындарды реестрге енгіземіз", - деді департамент директоры.
Айтуынша, бұл жұмыс тоқсан сайын жүргізіледі. Қазір елдің барлық өңірінде комиссия құрылған. Әлеуметтік кәсіпорындар реестріне кіру процесі шамамен екі апта уақыт алады.
Қоғамдық қор әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі санала ма
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жатады. Бірақ ірі кәсіпорындар кірмейді.
"Заңды тұлға коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйым да бола алады. Демек, заңды тұлғалар бірлестігі, қауымдастықтар мен қорлар коммерциялық емес ұйымдар саналады. Яғни олар әлеуметтік кәсіпкерлік реестріне ену үшін өтінім бере алады.
Біз болашақта әкімдіктерден осы жұмысқа кедергі жасамауды талап етеміз. Өйткені іс жүзінде әлеуметтік кәсіпкерлікпен ЖШС немесе АҚ емес, қоғамдық қорлар, қауымдастықтар айналысып жүргенін байқап отырмыз. Яғни ерекше қажеттілігі бар адамдарды көбіне олар жұмысқа тартады", - деді Жамбылов.