Экономика

Тоқаев: мемлекет бизнеске жүктеген қосымша шығынды кәсіпкерлер халықтан өндіріп алады

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках
Деньги в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Мемлекет бизнеске қосымша шығын жүктегенде кәсіпкерлер оны халықтан өндіріп алады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мемлекет бизнеске жүктеген қосымша шығынды кәсіпкерлердің халықтан өндіріп алатыны жасырын емес. Мен монополиялық операторлардың делдалдары және сан алуан агенттері алатын комиссияларды және тарифтерді айтып отырмын. Бұл пробелманы білесіздер. Бірақ қызмет үшін кім төлейді? Әрине, тұтынушы", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президенттің айтуынша, бұған дейін қабылданған заңдар мен қаулылар халықты тонауға жағдай жасап отыр. Себебі мемлекеттік органдар қоғамның мүддесін емес, белгілі бір компаниялардың мүддесін ойлаған.
"Ол ақшаны қазақстандықтар өздеріне жұмсайтын еді. Алайда барлығы сол компаниялардың қалтасына кетіп жатыр. Сондықтан үкіметке дәл осы проблемаға ерекше көңіл бөлуді тапсырамын. "Атамекен" палатасымен бірге әрбір жағдайды зерделеп, оны түзетуге қатысты нақты ұсыныстар жасау қажет", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2022
Қоғам
"Бұл - нағыз көзбояушылық": Тоқаев жұртты мазалаған мәселені көтерді
Жаңалықтар
0