https://sputnik.kz/20220208/toqaev-khalyq-masele-22611334.html
"Бұл - нағыз көзбояушылық": Тоқаев жұртты мазалаған мәселені көтерді
"Бұл - нағыз көзбояушылық": Тоқаев жұртты мазалаған мәселені көтерді
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта бір миллионға жуық азаматтың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді 08.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-08T12:15+0500
2022-02-08T12:15+0500
2023-08-11T11:40+0500
қоғам
жәрдемақы
қасым-жомарт тоқаев
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19051569_0:0:3011:1694_1920x0_80_0_0_cc936b6b3610e561c69f838f33503003.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы кезде жұрттың табысы, экономикалық өсімнің емес, әлеуметтік трансферттің есебінен көбейгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Ашығын айтқанда, жәрдемақы және зейнетақымен күн көріп отырғандар аз емес. Соңғы бес жылда халықтың жалпы табысында еңбек кірістерінің үлесі 80 проценттен 67 процентке дейін қысқарды. Есесіне әлеуметтік трансферт көлемі 17 пайыздан 29-ға дейін артты. Бұдан азаматтардың кірісі алатын жалақысына емес, бюджет шығысына тәуелді екенін байқауға болады", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.Ол жұмыс берушілердің пайдасымен және нарықтағы бағаның көтерілуімен салыстырғанда еңбекақы әлдеқайда баяу өсіп жатқанын атап өтті. Айтуынша, соның салдарынан қарызға батқан азаматтар мен кедей адамдар саны көбейіп барады.Тоқаев өз тапсырмасы бойынша Халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама әзірленіп жатқанын еске салды. Бұл құжатта тұрғындардың кірісін көбейтумен қатар, орынсыз шығынын азайтатын тың шаралар қарастырылуға тиіс.
https://sputnik.kz/20220207/nazarbaev-toqaev-zan-22589621.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19051569_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_76bc4ae4a24494c7fa85ff07dc40b687.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент тоқаев жәрдемақы зейнетақы пособие пенсия токаев
президент тоқаев жәрдемақы зейнетақы пособие пенсия токаев
"Бұл - нағыз көзбояушылық": Тоқаев жұртты мазалаған мәселені көтерді
12:15 08.02.2022 (жаңартылды: 11:40 11.08.2023) Қазіргі уақытта бір миллионға жуық азаматтың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы кезде жұрттың табысы, экономикалық өсімнің емес, әлеуметтік трансферттің есебінен көбейгенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ашығын айтқанда, жәрдемақы және зейнетақымен күн көріп отырғандар аз емес. Соңғы бес жылда халықтың жалпы табысында еңбек кірістерінің үлесі 80 проценттен 67 процентке дейін қысқарды. Есесіне әлеуметтік трансферт көлемі 17 пайыздан 29-ға дейін артты. Бұдан азаматтардың кірісі алатын жалақысына емес, бюджет шығысына тәуелді екенін байқауға болады", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Ол жұмыс берушілердің пайдасымен және нарықтағы бағаның көтерілуімен салыстырғанда еңбекақы әлдеқайда баяу өсіп жатқанын атап өтті. Айтуынша, соның салдарынан қарызға батқан азаматтар мен кедей адамдар саны көбейіп барады.
"Қазіргі таңда бір миллионға жуық азаматтың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл соңғы он жылдағы ең нашар көрсеткіш. Сөйте тұра орташа жалақы мен жан басына шаққандағы табыс көлемі ұдайы өсіп келеді деп есеп береді. Бұл - нағыз көзбояушылық", - деді президент.
Тоқаев өз тапсырмасы бойынша Халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама әзірленіп жатқанын еске салды. Бұл құжатта тұрғындардың кірісін көбейтумен қатар, орынсыз шығынын азайтатын тың шаралар қарастырылуға тиіс.