https://sputnik.kz/20220313/qazaq-air-resey-qayta-ushatynyn-malimdedi-23476130.html
Qazaq Air Ресейге қайта ұшатынын мәлімдеді
Qazaq Air Ресейге қайта ұшатынын мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Рейстер бүгін, 13 наурыздан бастап жанданады 13.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-13T08:03+0500
2022-03-13T08:03+0500
2022-03-13T08:03+0500
қоғам
ресей
рейстер
https://sputnik.kz/img/91/67/916787_0:67:3000:1755_1920x0_80_0_0_e77cc22524102666b9fce049c7638b23.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы жексенбі, 13 наурыздан бастап Ресейге қайта ұшатынын мәлімдеді."Qazaq Air әуе компаниясы Ресейге жоспарланған барлық рейс 2022 жылғы 13 наурыздан бастап жанданатынын және www.flyqazaq.com веб-сайты арқылы билет брондау қолжетімді болатынын хабарлайды. 12 наурыз күні рейстің тоқтатылуымен байланысты уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.Сенбі күні таңертең Qazaq Air әуе компаниясы сақтандыру компаниясынан Ресей аумағында және оның әуе кеңістігінде сақтандыру өтелімі берілмейтіні туралы хабарлама алуына байланысты ресейлік қалаларға ұшуды тоқтататыны хабарланды. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан – Новосібір рейсі 12 наурызда ұшпай қалды.Бұған дейін қазақстандық Air Astana компаниясы Ресейге ұшуды толығымен тоқтатқаны белгілі болды.Осылайша Қазақстан мен Ресей арасында әуе рейстерін екі қазақстандық компания – Qazaq Air және SCAT, сондай-ақ "Уральские авиалинии" (Ресей) орындайды.
https://sputnik.kz/20220311/air-astana-resey-barlyq-reys-toqtatty-23439070.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/91/67/916787_0:0:3000:2250_1920x0_80_0_0_1e2429263044347b469fb7010320ed60.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, рейстер
Qazaq Air Ресейге қайта ұшатынын мәлімдеді
Рейстер бүгін, 13 наурыздан бастап жанданады
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы жексенбі, 13 наурыздан бастап Ресейге қайта ұшатынын мәлімдеді.
"Qazaq Air әуе компаниясы Ресейге жоспарланған барлық рейс 2022 жылғы 13 наурыздан бастап жанданатынын және
www.flyqazaq.com веб-сайты арқылы билет брондау қолжетімді болатынын хабарлайды. 12 наурыз күні рейстің тоқтатылуымен байланысты уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.
Сенбі күні таңертең Qazaq Air әуе компаниясы сақтандыру компаниясынан Ресей аумағында және оның әуе кеңістігінде сақтандыру өтелімі берілмейтіні туралы хабарлама алуына байланысты ресейлік қалаларға ұшуды тоқтататыны хабарланды. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан – Новосібір рейсі 12 наурызда ұшпай қалды.
Бұған дейін қазақстандық Air Astana компаниясы Ресейге ұшуды толығымен тоқтатқаны белгілі болды.
Осылайша Қазақстан мен Ресей арасында әуе рейстерін екі қазақстандық компания – Qazaq Air және SCAT, сондай-ақ "Уральские авиалинии" (Ресей) орындайды.