https://sputnik.kz/20220313/elorda-zhastar-qyzmet-korsetu-ortalygy-23476696.html
Елордада жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды
Елордада жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды
Sputnik Қазақстан
Кәсібін енді бастаған жастар "Бастау бизнес" бағдарламасы аясында 1,2 млн теңге грант ала алады 13.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-13T08:28+0500
2022-03-13T08:28+0500
2022-03-13T08:28+0500
елорда тынысы
жастар
қызмет көрсету
https://sputnik.kz/img/1226/33/12263388_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_a6ed459d04028e46fe7a0f7aa381ac82.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы жастарға қызмет көрсету орталығын ашты.Орталық Байқоңыр ауданында орналасқан, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Бұл орталықта 14-29 жас аралығындағы жастар мынадай мәселелер бойынша кеңес ала алады:"Қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасымен жастарға қызмет көрсету орталығын ашып отырмыз. Мұндай орталықтар жастарымызды қолдауға арналған қандай бағдарламалар мен жобалар іске асырылып жатқанын білуі үшін қажет. Осы бағытта біздің орталықта "Астана жастары" орталығының, халықты жұмыспен қамту орталығының және "Отбасы банк" қызметкерлері тікелей жұмыс істейді", - деді қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.Орталық күн сайын дүйсенбі мен жұма аралығында таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін істейді.Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасовтың айтуынша, орталықта кәсіби бағдар беру бойынша қызмет көрсетіліп қана қоймай, өз ісін ашу үшін гранттар беріледі."Біз мамандығы жоқ адамдарды қайта даярлау курстарына жібереміз. Оқу тегін, ал мерзімі – үш ай. Содан кейін жастарға жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін мемлекеттік сертификат беріледі. Оқу кезінде оларға ай сайын 21 700 теңге стипендия төленеді. Сол сияқты кәсібін енді бастап жатқан кәсіпкерлер "Бастау бизнес" бағдарламасы аясында 1 миллион 225 мың теңге грант ала алады", - деді Байтасов.Айта кетері, жастарға қызмет көрсету орталықтары елорданың барлық ауданында жұмыс істейді.
https://sputnik.kz/20220310/zhastar-baspana-zhardemaqy-23413717.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1226/33/12263388_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_7842c89f3d1846d6d463dbaaee11bcd3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жастар, қызмет көрсету
Елордада жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды
Кәсібін енді бастаған жастар "Бастау бизнес" бағдарламасы аясында 1,2 млн теңге грант ала алады
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы жастарға қызмет көрсету орталығын ашты.
Орталық Байқоңыр ауданында орналасқан, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл орталықта 14-29 жас аралығындағы жастар мынадай мәселелер бойынша кеңес ала алады:
кәсіптік бағдарлау және жұмысқа орналастыру;
тұрғын үй бойынша мемлекеттік бағдарламалар;
жастар бастамаларын қолдау (бизнес ашу, іс-шаралар ұйымдастыру, жобаларды қолдау);
бос уақытын пайдалы әрі тегін өткізу (спорттық секциялар және шығармашылық үйірмелер).
"Қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасымен жастарға қызмет көрсету орталығын ашып отырмыз. Мұндай орталықтар жастарымызды қолдауға арналған қандай бағдарламалар мен жобалар іске асырылып жатқанын білуі үшін қажет. Осы бағытта біздің орталықта "Астана жастары" орталығының, халықты жұмыспен қамту орталығының және "Отбасы банк" қызметкерлері тікелей жұмыс істейді", - деді қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.
Орталық күн сайын дүйсенбі мен жұма аралығында таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін істейді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасовтың айтуынша, орталықта кәсіби бағдар беру бойынша қызмет көрсетіліп қана қоймай, өз ісін ашу үшін гранттар беріледі.
"Біз мамандығы жоқ адамдарды қайта даярлау курстарына жібереміз. Оқу тегін, ал мерзімі – үш ай. Содан кейін жастарға жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін мемлекеттік сертификат беріледі. Оқу кезінде оларға ай сайын 21 700 теңге стипендия төленеді. Сол сияқты кәсібін енді бастап жатқан кәсіпкерлер "Бастау бизнес" бағдарламасы аясында 1 миллион 225 мың теңге грант ала алады", - деді Байтасов.
Айта кетері, жастарға қызмет көрсету орталықтары елорданың барлық ауданында жұмыс істейді.