https://sputnik.kz/20220310/zhastar-baspana-zhardemaqy-23413717.html
Басқа өңірден келген жұмысшы жастарға баспана жалдау үшін көтерме жәрдемақы төленеді
Басқа өңірден келген жұмысшы жастарға баспана жалдау үшін көтерме жәрдемақы төленеді
Sputnik Қазақстан
Жастарды жұмысқа баулу үшін сынақ мерзімін алып тастау жоспарланып отыр 10.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-10T11:46+0500
2022-03-10T11:46+0500
2022-03-10T11:49+0500
жастар
жәрдемақы
https://sputnik.kz/img/452/82/4528273_0:302:5755:3539_1920x0_80_0_0_dc7b61c05862f86b14a3c2b1f68df823.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басқа өңірден келген жұмысшы жастарға баспана жалдау үшін көтерме жәрдемақы төлеуді көздеп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Еңбек министрлігі Халықтың табысын арттыру жөніндегі бағдарламада жаңа жұмыс орындарын құруға баса көңіл бөлген.Біріншіден, ақпараттық жүйелерді сараптау нәтижесінде әлеуметтік қолдау мен жұмысқа мұқтаж азаматтарды "Ерте анықтау жүйесі" енгізіледі. Осы орайда Цифрлық карта арқылы әлеуметтік статусы жоқ, қолдауға мұқтаж азаматтардың портреті әзірленіп, олардың нақты қажеттіліктері анықталады.Екіншіден, NEET жастар үшін "Алғашқы жұмыс орны", түлектер үшін "Жастар практикасы", "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары аясында субсидиялаудың ұзақтығы мен мөлшері ұлғайтылды.Үшіншіден, жастарды жұмысқа баулу және ынталандыру үшін заңнамаға "жас жұмысшы" ұғымы енгізіліп, олар үшін сынақ мерзімі алынып тасталады. Ал басқа өңірден келген жастарға тұрғын үй жалдау үшін көтерме жәрдемақы енгізу бойынша шаралар қабылданады.Төртіншіден, көпбалалы отбасылар мен мүгедек баласы бар отбасылар үшін барлық өңірде Әйелдерді қолдау орталықтары құрылады. Бұл орталықтарда жыл сайын 20 мыңға жуық әйелге кешенді қолдау көрсетілмек.Министрдің айтуынша, бұл шаралар әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды нақты қажеттіліктері бойынша анықтауға, жастарды жұмыспен қамтуға, балалы отбасыларға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/452/82/4528273_316:0:5439:3842_1920x0_80_0_0_65a6b6237394aaab59922ca48e5221d3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жастар, жәрдемақы
Басқа өңірден келген жұмысшы жастарға баспана жалдау үшін көтерме жәрдемақы төленеді
11:46 10.03.2022 (жаңартылды: 11:49 10.03.2022) Жастарды жұмысқа баулу үшін сынақ мерзімін алып тастау жоспарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басқа өңірден келген жұмысшы жастарға баспана жалдау үшін көтерме жәрдемақы төлеуді көздеп отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Еңбек министрлігі Халықтың табысын арттыру жөніндегі бағдарламада жаңа жұмыс орындарын құруға баса көңіл бөлген.
"Еңбек нарығында 300 мыңға тарта жұмыссыз және NEET санатындағы жастар, 80 мыңнан астам көпбалалы және мүгедіктігі бар бала тәрбиелеп отырған тұрмысы төмен отбасылар бар. Оларды жұмысқа орналастыру үшін арнайы тәсілдер мен құралдар қажет", - деді Шәпкенов үкімет отырысында.
Біріншіден, ақпараттық жүйелерді сараптау нәтижесінде әлеуметтік қолдау мен жұмысқа мұқтаж азаматтарды "Ерте анықтау жүйесі" енгізіледі. Осы орайда Цифрлық карта арқылы әлеуметтік статусы жоқ, қолдауға мұқтаж азаматтардың портреті әзірленіп, олардың нақты қажеттіліктері анықталады.
Екіншіден, NEET жастар үшін "Алғашқы жұмыс орны", түлектер үшін "Жастар практикасы", "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары аясында субсидиялаудың ұзақтығы мен мөлшері ұлғайтылды.
Үшіншіден, жастарды жұмысқа баулу және ынталандыру үшін заңнамаға "жас жұмысшы" ұғымы енгізіліп, олар үшін сынақ мерзімі алынып тасталады. Ал басқа өңірден келген жастарға тұрғын үй жалдау үшін көтерме жәрдемақы енгізу бойынша шаралар қабылданады.
Төртіншіден, көпбалалы отбасылар мен мүгедек баласы бар отбасылар үшін барлық өңірде Әйелдерді қолдау орталықтары құрылады. Бұл орталықтарда жыл сайын 20 мыңға жуық әйелге кешенді қолдау көрсетілмек.
Министрдің айтуынша, бұл шаралар әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды нақты қажеттіліктері бойынша анықтауға, жастарды жұмыспен қамтуға, балалы отбасыларға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.