https://sputnik.kz/20220313/bilim-ministri-tabysqa-zhetuge-qabiletti-oqushylar-23480199.html
Білім министрі табысқа жетуге қабілетті оқушылар туралы жазды
Білім министрі табысқа жетуге қабілетті оқушылар туралы жазды
Sputnik Қазақстан
Зерттеу нәтижесі қала мектептеріндегі оқушылар ауылдағы балаларға қарағанда прогрессивті ойлайтынын көрсетті 13.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-13T12:22+0500
2022-03-13T12:22+0500
2023-08-09T09:58+0500
білім
асхат аймағамбетов
табыс
оқушы
https://sputnik.kz/img/591/96/5919658_0:41:2017:1175_1920x0_80_0_0_1a1de683081f6a1e18f0e7ae4c9377e5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық оқушылардың өз күшіне қаншалықты сенетінін жазды. Оны PISA-2018 зерттеу нәтижесі көрсетіп отыр.Зерттеу кезінде 15 жастағы оқушылардың қалай ойлайтыны, атап айтқанда, адам интеллектінің дамуына сене ме, жоқ па, әлде, сол күйінде қалады деп ойлай ма, осының бәрі жан-жақты зерделенді. Соның нәтижесінде прогрессивті ойлау қабілеті бар оқушылар анықталды. Олар ақыл-ойды ғана емес, адамның қабілеттерін де дамытуға болатынына сенеді. Прогрессивті адамдар табысқа жету жолын да табады.Министрдің айтуынша, Қазақстанда әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар өздерінің интеллектісі әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жоғары құрдастарымен салыстырғанда уақыт өте келе өзгермейді деп санайды.Прогрессивті ойлау қабілеті бар балалар жоғары нәтиже көрсетіп жатады. Зерттеу кезінде олар 29 ұпайға ие болды. Бұл жоғары көрсеткіш болып саналады. Себебі Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына кіретін мемлекеттерде орташа ұпай 32-ны құрайды."Мұндай нәтижелер оқушыларға, әсіресе төмен нәтиже көрсететін топтарға қолдау көрсету ортасын құру қажеттігін көрсетеді", - деп атап өтті министр.Жалпы, PISA-2018 зерттеуіне сәйкес, қатысушылардың 55%-ы интеллекті өзгертуге болмайды деген пікірмен келіспейді. Ал қалған 45%-ы келіседі. ЭЫДҰ елдерінде білім алушылардың көпшілігі (63%) бұл тұжырыммен келіспеді. Қазақстанның көрсеткіші Қытай мен Беларуське ұқсас. Оқушылардың 56%-ы келіспейді.ЭЫДҰ-ның үш елінде (Грекия, Мексика және Польша) білім алушылардың көпшілігі тұрақты ойлау қабілетін көрсетті. Ал Эстония, Дания, Германия, Австрия, Ирландия, Исландия, Латвия, Литва және Ұлыбританияда оқушылардың кем дегенде 70%-ы прогрессивті түрде ойлайды.Сонымен қатар, контекстік факторларға байланысты айтарлықтай айырмашылықтар бар. Қазақстанда гендерлік айырмашылықтар анықталған жоқ. Бірақ ЭЫДҰ елдерінде және тағы 39 елде ұлдар қыздарға қарағанда интеллектіні дамыту мүмкін емес деп есептейді.
https://sputnik.kz/20220121/qazaq-jastary-tekhnar-Toqaev-19192436.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/591/96/5919658_99:0:1854:1316_1920x0_80_0_0_4c038f1773ab1d6b56013ae1f9c10410.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асхат аймағамбетов, табыс, оқушы
асхат аймағамбетов, табыс, оқушы
Білім министрі табысқа жетуге қабілетті оқушылар туралы жазды
12:22 13.03.2022 (жаңартылды: 09:58 09.08.2023) Зерттеу нәтижесі қала мектептеріндегі оқушылар ауылдағы балаларға қарағанда прогрессивті ойлайтынын көрсетті
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық оқушылардың өз күшіне қаншалықты сенетінін жазды. Оны PISA-2018 зерттеу нәтижесі көрсетіп отыр.
Зерттеу кезінде 15 жастағы оқушылардың қалай ойлайтыны, атап айтқанда, адам интеллектінің дамуына сене ме, жоқ па, әлде, сол күйінде қалады деп ойлай ма, осының бәрі жан-жақты зерделенді. Соның нәтижесінде прогрессивті ойлау қабілеті бар оқушылар анықталды. Олар ақыл-ойды ғана емес, адамның қабілеттерін де дамытуға болатынына сенеді. Прогрессивті адамдар табысқа жету жолын да табады.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар өздерінің интеллектісі әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жоғары құрдастарымен салыстырғанда уақыт өте келе өзгермейді деп санайды.
"Нәтижелер қала мектептеріндегі оқушылардың ауыл мектептеріндегі оқушыларға қарағанда прогрессивті ойлайтынын көрсетті. Қазақстандағы оқушылар арасындағы айырмашылық 14 пайызды құрады", - деп жазды Аймағамбетов.
Прогрессивті ойлау қабілеті бар балалар жоғары нәтиже көрсетіп жатады. Зерттеу кезінде олар 29 ұпайға ие болды. Бұл жоғары көрсеткіш болып саналады. Себебі Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына кіретін мемлекеттерде орташа ұпай 32-ны құрайды.
"Мұндай нәтижелер оқушыларға, әсіресе төмен нәтиже көрсететін топтарға қолдау көрсету ортасын құру қажеттігін көрсетеді", - деп атап өтті министр.
Жалпы, PISA-2018 зерттеуіне сәйкес, қатысушылардың 55%-ы интеллекті өзгертуге болмайды деген пікірмен келіспейді. Ал қалған 45%-ы келіседі. ЭЫДҰ елдерінде білім алушылардың көпшілігі (63%) бұл тұжырыммен келіспеді. Қазақстанның көрсеткіші Қытай мен Беларуське ұқсас. Оқушылардың 56%-ы келіспейді.
ЭЫДҰ-ның үш елінде (Грекия, Мексика және Польша) білім алушылардың көпшілігі тұрақты ойлау қабілетін көрсетті. Ал Эстония, Дания, Германия, Австрия, Ирландия, Исландия, Латвия, Литва және Ұлыбританияда оқушылардың кем дегенде 70%-ы прогрессивті түрде ойлайды.
Сонымен қатар, контекстік факторларға байланысты айтарлықтай айырмашылықтар бар. Қазақстанда гендерлік айырмашылықтар анықталған жоқ. Бірақ ЭЫДҰ елдерінде және тағы 39 елде ұлдар қыздарға қарағанда интеллектіні дамыту мүмкін емес деп есептейді.