Қоғам

"Қазақ жастары технарь болуы керек": Тоқаев білім саласын өзгерткісі келетінін айтты

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2022
Жазылу
"Болашақ" оқу бағдарламасы қайта бағдарланады. Енді стипендиаттар көбіне Ресейге оқуға жіберіледі, деп мәлімдеді президент
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы білім реформалары мен "Болашақ" бағдарламасына қатысты күрделі өзгерістерді жария етті.
"Мен жалпы елдің білім беру саласын қайта құрғым келеді. Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлер мен тағы басқаларын тым көп шығарамыз. Бізге қазір білімді техникалық бағытқа бұру қажет. Біз "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарымызды оқуға, соның ішінде Ресейге жібереміз. Бәлкім, бірінші кезекте Ресейдің танымал техникалық оқу орындарына жіберетін шығармыз", - деді Тоқаев.
Ол техникалық мамандықтарға оқытатын жетекші әлемдік университеттердің филиалын ашу тапсырмасын еске салды.
"Қазақ жастары технарь болуға тиіс. Менің пікірім осындай. Үкімет бұл мәселелерді егжей-тегжей пысықтауы керек. Егер әр қаржылық өнеркәсіп тобы заманауи зауыт тұрғызып, ауылдардан, елді мекендер мен ірі қалалардан шыққан 1 мың қарапайым баланы оқытса, оларға адал әрі жақсы табыс табуға мұмкіндік берсе, бұл әлеуметтік тұрақтылықтың нағыз кепілі", - деді Тоқаев.
Президент бұл бизнестің жауапкершілігі болуға тиіс екенін атап өтті.
"Бұл үшін сіздерде бәрі бар – капитал, тәжірибе, басқарушы командасы, нарықтың айқын көрінісі", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Жаңалықтар
0