https://sputnik.kz/20220312/ministrlik-whatsapp-aqparat-23469384.html
"Девальвация мен дефолт болады": министрлік WhatsApp-та тараған ақпаратты түсіндірді
"Девальвация мен дефолт болады": министрлік WhatsApp-та тараған ақпаратты түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Хабарлама авторы депозиттен барлық ақшаны алып, үйдегі қаражатты долларға айырбастауға кеңес берген 12.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-12T14:20+0500
2022-03-12T14:20+0500
2022-03-12T14:20+0500
қоғам
министрлік
жалған ақпарат
https://sputnik.kz/img/201/47/2014705_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_a34bb4e963e9d3f2e64c9faccaec832f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Қазақстандықтар WhatsApp мессенджері арқылы азық-түлік тапшылығы мен дефолт туралы хабарламаны таратып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі ол ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake.kz порталы.Хабарлама авторы депозиттен барлық ақшаны алып, үйдегі қаражатты долларға айырбастауға кеңес берген. Себебі тура үш айдан кейін банктердің бәрінде дефолт болады-мыс."Одан кейін тапшылық басталады. Қазіргі бағамен үйге ұзақ мерзімге жеткілікті азық-түлік алып алыңдар, алдағы уақытта 2-3 есеге қымбаттайды. Сәуір-мамыр айларынан бастап Қазақстанның барлық аймағында қысқарту болады", - делінген хабарламада.Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тапшылығы болмайтынын мәлімдеді."Еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының үздіксіз жұмысы мәселесі тұрақты бақыланады. Жедел деректер бойынша, республика бойынша барлығы 1,5 млн тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры бар, оның ішінде ұн – 145,1 мың тонна, қант – 47,6 мың тонна, күріш – 40,2 мың тонна, макарон – 21,3 мың тонна және 1 млн тонна көкөніс өнімдері және т.б. ", – дейді министрлік мамандары.Сондай-ақ, азық-түлік қоры үнемі толықтырылады. Ұн өндіру үшін жарма мен астық, ал ет өнімдерін өндіруге мал басы жеткілікті."Республика өз өндірісі есебінен ішкі астық нарығындағы қажеттілікті толық көлемде қамтамасыз ете алады" – делінген ресми хабарламада.Бүгінде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоспары іске асырылып жатыр. Соның аясында импортты алмастыруға басымдық беріліп отыр.Дефолтқа да алғышарттар жоқ. Standard&Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB-/А-3" деңгейінде растады, болжам "тұрақты". Агенттіктің деректеріне сәйкес, Ресейге қатысты экономикалық санкциялардың жанама салдарын еңсеруге болады және Қазақстанда бұл мұнай мен газ экспортының негізгі нарықтарына қол жеткізуде іркілістерге әкелмейді.
https://sputnik.kz/20220311/nur-sultan-turgyndar-dollar-23450442.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/201/47/2014705_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_fa281f9bdc19fd7475e4f75b10d525f1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, жалған ақпарат
министрлік, жалған ақпарат
"Девальвация мен дефолт болады": министрлік WhatsApp-та тараған ақпаратты түсіндірді
Хабарлама авторы депозиттен барлық ақшаны алып, үйдегі қаражатты долларға айырбастауға кеңес берген
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Қазақстандықтар WhatsApp мессенджері арқылы азық-түлік тапшылығы мен дефолт туралы хабарламаны таратып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі ол ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды
Stopfake.kz порталы.
Хабарлама авторы депозиттен барлық ақшаны алып, үйдегі қаражатты долларға айырбастауға кеңес берген. Себебі тура үш айдан кейін банктердің бәрінде дефолт болады-мыс.
"Одан кейін тапшылық басталады. Қазіргі бағамен үйге ұзақ мерзімге жеткілікті азық-түлік алып алыңдар, алдағы уақытта 2-3 есеге қымбаттайды. Сәуір-мамыр айларынан бастап Қазақстанның барлық аймағында қысқарту болады", - делінген хабарламада.
Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тапшылығы болмайтынын мәлімдеді.
"Еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының үздіксіз жұмысы мәселесі тұрақты бақыланады. Жедел деректер бойынша, республика бойынша барлығы 1,5 млн тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры бар, оның ішінде ұн – 145,1 мың тонна, қант – 47,6 мың тонна, күріш – 40,2 мың тонна, макарон – 21,3 мың тонна және 1 млн тонна көкөніс өнімдері және т.б. ", – дейді министрлік мамандары.
Сондай-ақ, азық-түлік қоры үнемі толықтырылады. Ұн өндіру үшін жарма мен астық, ал ет өнімдерін өндіруге мал басы жеткілікті.
"Республика өз өндірісі есебінен ішкі астық нарығындағы қажеттілікті толық көлемде қамтамасыз ете алады" – делінген ресми хабарламада.
Бүгінде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоспары іске асырылып жатыр. Соның аясында импортты алмастыруға басымдық беріліп отыр.
Дефолтқа да алғышарттар жоқ. Standard&Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB-/А-3" деңгейінде растады, болжам "тұрақты". Агенттіктің деректеріне сәйкес, Ресейге қатысты экономикалық санкциялардың жанама салдарын еңсеруге болады және Қазақстанда бұл мұнай мен газ экспортының негізгі нарықтарына қол жеткізуде іркілістерге әкелмейді.