Экономика

Ұлттық банк шетелдік валютадағы операцияларға шектеу енгізген жоқ

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаҚР Ұлттық банкі
ҚР Ұлттық банкі - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Жазылу
Ұлттық банк АҚШ Федералды резерв жүйесінен қолма-қол шетелдік валютаның қосымша көлемін жеткізу мәселесін пысықтап жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз — Sputnik. Қазақстанда ақша айырбастау оырндары мен банктерде қолма-қол шетелдік валюта жоқ. Ал Қазақстан Ұлттық банкі шетелдік валютаның сатылымын шектемегенін мәлімдеді.
"Айырбастау пунктерінде және екінші деңгейлі банктерде қолма-қол долларды сатуға немесе шығарып алуға шектеу қоюға қатысты көп сауал түсті. Ұлттық банк шетелдік валютадағы операцияларға шектеу енгізу туралы қаулы немесе басқа да заңда тәуелді актілер қабылдамағанын хабарлайды", - деп жазылған ақпаратта.
Олар қолма-қол шетел валютасын шығару кезінде туындаған қиындықтар, ең алдымен, халық тарапынан сұраныстың өсуіне байланысты екенін жеткізді. Сондай-ақ шиеленіске толы геосаяси жағдайда Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізуде логистикалық кедергілер туындап отыр", - деді Ұлттық банкте.
Қазіргі жағдайды ескере отырып, Ұлттық Банк АҚШ-тың орталық банкі - Федералдық резервтік жүйеден қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу жолдарын қарастырып жатыр.
Қолма-қол ақшаны көлік компанияларымен уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті келісім бар екені хабарланды.
Доллар, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Экономика
Қазақстандық банктер қолма-қол валюта айырбастауға қатысты үндеу жасады
Жаңалықтар
0