https://sputnik.kz/20220311/bankter-qolma-qol-valyuta-23454405.html
Қазақстандық банктер қолма-қол валюта айырбастауға қатысты үндеу жасады
Қазақстандық банктер қолма-қол валюта айырбастауға қатысты үндеу жасады
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Ұлттық банк валюталық операцияларды шектеу туралы тапсырма бермегенін мәлімдеді 11.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-11T16:28+0500
2022-03-11T16:28+0500
2022-03-11T16:32+0500
экономика
доллар
теңге
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23258329_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_c5e8b4e4c80f614d17a30b0cfbae313b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қазақстандық банктер үндеу жасап, қолма-қол доллар не себепті жоқ екенін түсіндірді.Тұрғындар айырбастау пунктері мен банктерде қолма-қол доллар мен валюталық депозиттен қаражат алу мүмкін емес екенін айтып шағымданып жатыр.Екінші деңгейлі банктердің бірлескен үндеуінде шиеленіскен халықаралық саяси жағдайға байланысты Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізу қиынға соғып отырғаны айтылған."Бұл қолма-қол валютаға қатысты екенін тағы да атап өткіміз келеді. Ал валюта сіздің шотыңызда сақталады. Оны онлайн-банкинг арқылы тексере аласыз", - делінген үндеу мәтінінде.Банктер қолма-қол валютаны жеткізумен байланысты қиындық тек уақытша деп сендірді.Қазақстанда қолма-қол шетел валютасын сатып алуға жоғары сұраныс байқалады.Бұған дейін Ұлттық банк валюталық операцияларды шектеу туралы тапсырма бермегенін мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23258329_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_36710119699e08bfecb9ad18e9a75357.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк доллар теңге қолма-қол ақша үндеу валюта айырбастау тенге ұлттық банк нацбанк бву наличные обмен валют
банк доллар теңге қолма-қол ақша үндеу валюта айырбастау тенге ұлттық банк нацбанк бву наличные обмен валют
Қазақстандық банктер қолма-қол валюта айырбастауға қатысты үндеу жасады
16:28 11.03.2022 (жаңартылды: 16:32 11.03.2022) Бұған дейін Ұлттық банк валюталық операцияларды шектеу туралы тапсырма бермегенін мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қазақстандық банктер үндеу жасап, қолма-қол доллар не себепті жоқ екенін түсіндірді.
Тұрғындар айырбастау пунктері мен банктерде қолма-қол доллар мен валюталық депозиттен қаражат алу мүмкін емес екенін айтып шағымданып жатыр.
Екінші деңгейлі банктердің бірлескен үндеуінде шиеленіскен халықаралық саяси жағдайға байланысты Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізу қиынға соғып отырғаны айтылған.
"Бұл қолма-қол валютаға қатысты екенін тағы да атап өткіміз келеді. Ал валюта сіздің шотыңызда сақталады. Оны онлайн-банкинг арқылы тексере аласыз", - делінген үндеу мәтінінде.
Банктер қолма-қол валютаны жеткізумен байланысты қиындық тек уақытша деп сендірді.
"Біз қысқа мерзімде Қазақстанға қолма-қол валютаны тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық банкпен бірге жұмыс істейміз", - деді олар.
Қазақстанда қолма-қол шетел валютасын сатып алуға жоғары сұраныс байқалады.
Бұған дейін Ұлттық банк валюталық операцияларды шектеу туралы тапсырма бермегенін мәлімдеді.