https://sputnik.kz/20220311/memlekettik-organdar-zhogargy-sot-23451628.html
Мемлекеттік органдар әрбір екінші істе ұтылады - Жоғарғы сот төрағасы
Мемлекеттік органдар әрбір екінші істе ұтылады - Жоғарғы сот төрағасы
Sputnik Қазақстан
Бұрын тараптардың тек 3 проценті ғана татуласса, қазір бұл көрсеткіш 34 процентке жеткен 11.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-11T15:06+0500
2022-03-11T15:06+0500
2023-08-09T10:07+0500
президент
жоғарғы сот
https://sputnik.kz/img/909/19/9091900_34:0:2438:1352_1920x0_80_0_0_08f881ddf3c38830ce8f21b2d7a90458.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Президент Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекет басшысы сот жүйесінің қазіргі жағдайы мен сот төрелігіне қатысты өзекті мәселелер туралы ақпаратты тыңдады.Жақып Асановтың айтуынша, былтыр аудандық соттар шығарған 1,2 миллион сот шешімінің 1,4 процентін жоғарғы сатыдағы соттар кері қайтарған немесе өзгерткен. Барлығы - он жеті мың іс."Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істей бастаған әкімшілік соттардың қызметі туралы мәлімет берілді. Жарты жылда соттарға 14 мың талап арыз түскен. Мемлекеттік органдар әрбір екінші істе ұтылған. Бұрын қаралған істердің 85 проценті мемлекеттік органдардың пайдасына шешілетін", - делінген хабарламада.Президентке дауларды шешудің баламалы тәсілдері туралы баяндалды. Әкімдіктермен бірлесе отырып, жергілікті жерлерде соттан тыс медиация орталықтары құрылған. Соттар дау-дамайдың мәмілеге келу арқылы шешілуіне көмектеседі. Бұрын тараптардың тек 3 проценті ғана татуласса, қазір бұл көрсеткіш 34 процентке жеткен. Жоғарғы Сот төрағасы қылмыстық сот төрелігі саласы да өзгеріп жатқанын баяндады. Оның айтуынша, соттарда кінәлауға бейім тұру ісі тыйылып келеді. Соңғы 4 жылда ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша ақталғандар саны 7 есе (жылына 20-30-дан 200-ге дейін) көбейген.Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы сот органдарын жаңғырту аясында жүзеге асырылатын бірқатар міндетті айқындап берді.
https://sputnik.kz/20220310/toqaev-alayaq-sudya-23407744.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/909/19/9091900_334:0:2137:1352_1920x0_80_0_0_ffdcb2f2e27ac6eb67d19d0d87d2ce5c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, жоғарғы сот
Мемлекеттік органдар әрбір екінші істе ұтылады - Жоғарғы сот төрағасы
15:06 11.03.2022 (жаңартылды: 10:07 09.08.2023) Бұрын тараптардың тек 3 проценті ғана татуласса, қазір бұл көрсеткіш 34 процентке жеткен
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Президент Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы сот жүйесінің қазіргі жағдайы мен сот төрелігіне қатысты өзекті мәселелер туралы ақпаратты тыңдады.
Жақып Асановтың айтуынша, былтыр аудандық соттар шығарған 1,2 миллион сот шешімінің 1,4 процентін жоғарғы сатыдағы соттар кері қайтарған немесе өзгерткен. Барлығы - он жеті мың іс.
"Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істей бастаған әкімшілік соттардың қызметі туралы мәлімет берілді. Жарты жылда соттарға 14 мың талап арыз түскен. Мемлекеттік органдар әрбір екінші істе ұтылған. Бұрын қаралған істердің 85 проценті мемлекеттік органдардың пайдасына шешілетін", - делінген хабарламада.
Президентке дауларды шешудің баламалы тәсілдері туралы баяндалды. Әкімдіктермен бірлесе отырып, жергілікті жерлерде соттан тыс медиация орталықтары құрылған. Соттар дау-дамайдың мәмілеге келу арқылы шешілуіне көмектеседі.
Бұрын тараптардың тек 3 проценті ғана татуласса, қазір бұл көрсеткіш 34 процентке жеткен. Жоғарғы Сот төрағасы қылмыстық сот төрелігі саласы да өзгеріп жатқанын баяндады.
Оның айтуынша, соттарда кінәлауға бейім тұру ісі тыйылып келеді. Соңғы 4 жылда ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша ақталғандар саны 7 есе (жылына 20-30-дан 200-ге дейін) көбейген.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы сот органдарын жаңғырту аясында жүзеге асырылатын бірқатар міндетті айқындап берді.