Тоқаевтың ұсынуымен алаяқ судья қызметінен босатылды

© Sputnik / Болат ШайхиновПарламент сенатының ғимараты
Парламент сенатының ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2022
Жазылу
Сенаторлар ашық дауыс беру арқылы президенттің ұсынысын қолдап, тиісті қаулыны қабылдады
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Парламент сенаты президенттің ұсынысы бойынша Жоғарғы сот судьясын қызметтен босатуды қолдады, дер хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипптің айтуынша, Мейрам Құрмашұлы Жанғұттинов қызмет бабын пайдаланып, алаяқтық жасағаны үшін айыпталған.
"Жанғұттинов сот шешімімен кінәлі деп танылды. Үкім заңды күшіне енді. Осыған байланысты президент Жоғарғы сот судьясынан босатуды ұсынды", - деді Шипп.
Сенаторлар ашық дауыс беру арқылы президенттің ұсынысын қолдап, тиісті қаулыны қабылдады.
Айта кетері, 2021 жылы ақпан айында Жоғарғы сот судьясы Мейрам Жанғұттинов ірі көлемде пара алу кезінде ұсталған болатын. Ақшаны Түркістан облысы аудандық сотының судьясы бір соттан екінші сотқа ауысу үшін берген. Бірақ Жанғұттинов делдал арқылы 7 мың АҚШ долларын алғаннан кейін байланысқа шықпай қойған.
Нұр-сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Мейрам Жанғұттиновті 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған. Пара берген экс-судья Тұрғынбаева қылмысты ашуға және қылмысқа қатысқан өзге де адамдарды әшкерелеуге ықпал етті. Ол да бес жылға сотталды. Екеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Жаңалықтар
0