Саясат

AMANAT партиясы саяси кеңесі бюросының құрамы өзгерді

© Sputnik/Александр МирогловАлматыдағы "Аманат партиясының кеңсесі
Алматыдағы Аманат партиясының кеңсесі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Жазылу
Саяси кеңес бюросының жаңа мүшелері арасында премьер-министр мен президент әкімшілігінің басшысы бар
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. AMANAT партиясы (бұрынғы Nur Otan) саяси кеңесі бюросының құрамына тағы төрт адам кірді, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Саяси кеңестің қаулысымен AMANAT партиясы саяси кеңесі бюросының жаңа мүшелері сайланды.
Бюроның құрамына енгендер:
Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан премьер-министрі;
Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу – Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы;
Асхат Раздықұлы Оралов – AMANAT партиясының атқарушы хатшысы;
Максим Николаевич Рожин – Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының вице-президенті.
Осылайша AMANAT партиясы саяси кеңесі бюросының құрамына кіретін мүшелер саны 9-дан 13 адамға дейін артты.
Бұған дейін 2022 жылғы 31 қаңтарда партияның саяси кеңесі бюросының жаңа құрамы бекітілген болатын.
Нур Отан. Штаб. Выборы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Қоғам
Nur Otan саяси кеңесі бюросының құрамына өзгерістер енгізілді
Жаңалықтар
0