Қоғам

Nur Otan саяси кеңесі бюросының құрамына өзгерістер енгізілді

© Sputnik / Абзал КалиевНур Отан. Штаб. Выборы
Нур Отан. Штаб. Выборы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Жазылу
Nur Otan партиясының саяси кеңесі бюросының жаңа құрамы бекітілді
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. 31 қаңтарда партияның Саяси кеңесінің қаулысымен Nur Otan партиясының саяси кеңесі бюросының жаңа құрамы бекітілді.
Партияның саяси кеңесінің бюросына келесі адамдар бекітілді:
  • Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - Қазақстан Республикасының  президенті, партия төрағасы
  • Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы - Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы 
  • Қошанов Ерлан Жақанұлы Қазақстан - Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы 
  • Саиров Ерлан Бияхметұлы Қазақстан - Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты
  • Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы - "Егемен Қазақстан"  песпубликалық газеті" АҚ басқармасының төрағасы
  • Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы - Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты 
  • Қалтаева Ляззат Молдабекқызы - Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты
  • Зенченко Геннадий Геннадьевич - "Зенченко и К" КС директоры
  • Паули Элина Сергеевна -  "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары
Бұған дейін саяси кеңестің бюросына Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрлан Нығматулин, Асқар Мамин, Әсет Исекешев, Наталья Годунова, Марат Тәжин, Александр Павлов пен Дархан Қыдырәли кірген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI съезінде тарихи оқиға болды. Партия құрылғалы бері алғаш рет оның басшысы ауысты. Партия төрағасы болып президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалды.
Президентпен бірге партияның саяси кеңесінің құрамына бизнес өкілдері, ғалымдар мен түрлі компания басшылары енді, азаматтық сектор өкілдерінің саны артты. Партияның жоғарғы өкілеттік органы 55 процентке жаңарды.
Тоқаев партия жұмысын жаңғыру үшін бірқатар міндеттерді белгіледі. Президент партияның өміршеңдігі сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылуына байланысты екенін айтты. Сонымен қатар партияны бұдан әрі басқару мәселесіне жыл соңында оралатынын атап өтті.
Жаңалықтар
0