https://sputnik.kz/20220310/stipendiya-student-ministr-aymagambetov-23403084.html
Енді стипендия студенттің шотына тікелей аударылады – министр Аймағамбетов
Енді стипендия студенттің шотына тікелей аударылады – министр Аймағамбетов
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары білім жүйесіндегі жаңалықтарға тоқталды. 10.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-10T07:19+0500
2022-03-10T07:19+0500
2022-03-10T07:19+0500
асхат аймағамбетов
білім
https://sputnik.kz/img/07e6/02/08/22617772_0:72:1381:849_1920x0_80_0_0_12fb5726a7124f09f5b75d07d0bb8985.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары білім жүйесіндегі жаңалықтарға тоқталды.Енді стипендиялар студенттердің шотына тікелей төленеді деп жоспарланып отыр. Яғни осыған дейінгі жоғары оқу орындарына аударатын жүйе болмайды.Жоғары білім деңгейі бойынша жаңадан берілетін лицензиялар үшін 5 жыл мерзім белгіленеді. Осыған дейін олардың нақты мерзімі көрсетілмеген еді. Мәселен, 1992 жылы алынған лицензия барлық өзгеріс пен жаңа шарттарға қарамастан жарамдық күшін сақтап келді. Бүгінге дейін мемлекет лицензия мерзіміне қатысты талап қойған жоқ.Жабылған жоғары оқу орындарының студенттерін және олардың жеке істерін басқа жоғары оқу орындарына ауыстыру, оқуын аяқтамаған немесе қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлғалардың жеке істерін, сондай-ақ осыған дейін білім беру ұйымында оқуды аяқтаған тұлғалардың жеке істері мен білімі туралы құжаттарының көшірмелерін мемлекеттік мұрағатқа уақытылы тапсыру үшін жауапкершілік енгізіледі.Колледждерге академиялық еркіндік беріледі. Енді колледждердің білім беру бағдарламалары ЖБП пәндерінің циклін қоспағанда, министрлік бекіткен типтік жоспарлар мен бағдарламалар емес, кәсіптік стандарттар мен жұмыс берушілердің талаптары негізінде құрылады.Мұғалімдердің міндетті біліктілік арттыру курстарынан өту мерзімі өзгеріп жатыр. Қазір 5 жылда 1 рет, 3 жылда кемінде 1 рет өту ұсынылады.
https://sputnik.kz/20220309/zhogary-oqu-oryndary-oqytu-onlayn-23387219.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/08/22617772_77:0:1304:920_1920x0_80_0_0_f4c816a415b3d6869ab4ef8889001e4b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асхат аймағамбетов, білім
асхат аймағамбетов, білім
Енді стипендия студенттің шотына тікелей аударылады – министр Аймағамбетов
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары білім жүйесіндегі жаңалықтарға тоқталды.
Енді стипендиялар студенттердің шотына тікелей төленеді деп жоспарланып отыр. Яғни осыған дейінгі жоғары оқу орындарына аударатын жүйе болмайды.
"Сонымен қатар біз уәде бергеніміздей, жоғары оқу орындарының гранттары үшін қаржыландыру да студенттерге тікелей жолдама ретінде беріледі. Ал кейін қаржыны студенттердің өздері жоғары оқу орындарына төлейді", - деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында.
Жоғары білім деңгейі бойынша жаңадан берілетін лицензиялар үшін 5 жыл мерзім белгіленеді. Осыған дейін олардың нақты мерзімі көрсетілмеген еді. Мәселен, 1992 жылы алынған лицензия барлық өзгеріс пен жаңа шарттарға қарамастан жарамдық күшін сақтап келді. Бүгінге дейін мемлекет лицензия мерзіміне қатысты талап қойған жоқ.
Жабылған жоғары оқу орындарының студенттерін және олардың жеке істерін басқа жоғары оқу орындарына ауыстыру, оқуын аяқтамаған немесе қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлғалардың жеке істерін, сондай-ақ осыған дейін білім беру ұйымында оқуды аяқтаған тұлғалардың жеке істері мен білімі туралы құжаттарының көшірмелерін мемлекеттік мұрағатқа уақытылы тапсыру үшін жауапкершілік енгізіледі.
Колледждерге академиялық еркіндік беріледі. Енді колледждердің білім беру бағдарламалары ЖБП пәндерінің циклін қоспағанда, министрлік бекіткен типтік жоспарлар мен бағдарламалар емес, кәсіптік стандарттар мен жұмыс берушілердің талаптары негізінде құрылады.
Мұғалімдердің міндетті біліктілік арттыру курстарынан өту мерзімі өзгеріп жатыр. Қазір 5 жылда 1 рет, 3 жылда кемінде 1 рет өту ұсынылады.