https://sputnik.kz/20220309/zhogary-oqu-oryndary-oqytu-onlayn-23387219.html
Жоғары оқу орындарында оқытудың онлайн түрі енгізіледі
Жоғары оқу орындарында оқытудың онлайн түрі енгізіледі
Sputnik Қазақстан
Парламент мәжілісінің жалпы отырысында маңызды нормаларды көздейтін заң жобасы қабылданды 09.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-09T13:07+0500
2022-03-09T13:07+0500
2022-03-09T13:07+0500
асхат аймағамбетов
онлайн режим
жоо
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/17/15542065_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_8c24b68984bd19bd69f1f64995377623.jpg
АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. Еліміздің жоғары оқу орындарында оқытудың онлайн түрі енгізіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында маңызды нормаларды көздейтін заң жобасы қабылданды, деп хабарлады министр.Айтуынша, жоғары білім беруде жаңа онлайн оқыту формасы енгізіледі.Сондай-ақ Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы оқулықтары енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады. Яғни, бір оқу бағдарламасы және бір негізгі оқулық бойынша білім беріледі.Басқа пәндер бойынша оқулықтардың балама нұсқалары қолданылады.Халықаралық пәндік олимпиада, сондай-ақ халықаралық орындаушылар конкурсы мен спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарында тегін білім алуға гранттар беріледі.Халықаралық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері және олардың тәлімгерлеріне бір реттік ақшалай төлем жасалады.
https://sputnik.kz/20220207/ministr-mugalimder-zhanalyq-22590217.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/17/15542065_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_024698346ccc03f4e31008ab75fd409c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асхат аймағамбетов, онлайн режим, жоо
асхат аймағамбетов, онлайн режим, жоо
Жоғары оқу орындарында оқытудың онлайн түрі енгізіледі
Парламент мәжілісінің жалпы отырысында маңызды нормаларды көздейтін заң жобасы қабылданды
АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. Еліміздің жоғары оқу орындарында оқытудың онлайн түрі енгізіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында маңызды нормаларды көздейтін заң жобасы қабылданды, деп хабарлады министр.
Айтуынша, жоғары білім беруде жаңа онлайн оқыту формасы енгізіледі.
"Енді ЖОО-лар оқытудың онлайн түрінде белгілі бір оқыту бағыты бойынша кадрлар дайындай алады. Бұл – заман талабы. Бұл ретте біліктілік талаптарына сәйкес оқытудың белгілі бір бағыты бойынша (прокторинг, ақпараттық жүйе, цифрлық контент, кадрлар және т. б.) жеке лицензия алу міндетті болады", - деп жазды Аймағамбетов.
Сондай-ақ Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы оқулықтары енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады. Яғни, бір оқу бағдарламасы және бір негізгі оқулық бойынша білім беріледі.
Басқа пәндер бойынша оқулықтардың балама нұсқалары қолданылады.
Халықаралық пәндік олимпиада, сондай-ақ халықаралық орындаушылар конкурсы мен спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарында тегін білім алуға гранттар беріледі.
Халықаралық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері және олардың тәлімгерлеріне бір реттік ақшалай төлем жасалады.