Ресей Киевтің құпия жоспары жазылған құжатты қолға түсіргенін мәлімдеді

© РИА Новости / Медиабанкке өтуБрифинг официального представителя министерства обороны РФ И.Конашенкова
Брифинг официального представителя министерства обороны РФ И.Конашенкова - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Ресейдің қорғаныс министрлігі Украина Қарулы күштерінің наурызда Донбасқа шабуыл жасау жоспары жазылған құжаттарын жария етті, деп жазады РИА Новости.
Украина Ұлттық гвардиясына тиесілі құжаттар ресейлік әскерилердің қолына түсті. Бұл құжаттар Киевтің наурызда Донбаста шабуыл операциясына дайындалғанын растайды, деп мәлімдеді Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенков.
"Арнайы әскери операция жүргізу барысында Украина Ұлттық гвардиясының құпия құжаттары ресейлік әскери қызметшілердің қолына түсті. Бұл құжаттар Киев режимі 2022 жылдың наурызында Донбаста шабуылдау операциясына жасырын дайындалғанын айғақтап отыр", - деді ол журналистерге.
 Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2022
Қоғам
Украинадағы қазақстандықтарды алып келуге төртінші ұшақ жіберілді
Конашенков ақпанда батыстағы БАҚ-тың Киев режимінің басындағылар Луганск пен Донецк халық республикаларын басып алуды жорспарлап отырмағаны және олардың барлық мәселені "саяси-дипломатиялық жолмен" шешуге ұмтылатыны туралы ақпарат таратқанын қорғаныс министрлігі ұмытпағанын еске салды.
"Алайда Украина Ұлттық гвардиясына тиесілі әскери құпия құжаттардың түпнұсқалары бұл мәлімдемелердің жалған екенін дәлелдеп тұр", - деді генерал.
Ол Ресейдің қолында Украина Ұлттық гвардиясының қолбасшысы, генерал-полковник Николай Баланның 2022 жылғы 22 қаңтардағы бұйрығы бар екенін нақтылады. Онда Донбастағы "біріккен күштер операциясы" аймағында шабуылдау операциялары үшін соққы жасаушы топтардың бірін дайындау жоспары егжей-тегжейлі сипатталған. Құжатта "жеке құрамды іріктеу, олардың барлығы психолог тексеруінен өтуі және оларды жоғары деңгейдегі ынталандырумен қамтамасыз ету" мәселелеріне баса көңіл бөлінген.
Конашенковтың айтуынша, Украинаның Донбасты басып алу жоспарына АҚШ пен НАТО-ның қатысы бар-жоғы әзірше анықталмай тұрғанын айтты. Алайда америкалық және британ нұсқаушылары украин бөлімшелерін "НАТО стандарты"бойынша дайындағаны белгілі. Негізінен ол Украина Ұлттық гвардиясының 4-ші жедел мақсаттағы бригадасының батальон-тактикалық тобын жаттықтырды.
Мәскеу мәліметі бойынша украиндер Донбасқа шабуыл жасауға дайындықты 28 ақпанда аяқтауды көздеген. Бірақ ресейлік арнайы операция бұл жоспардың күл-талқанын шығарыпты.
Жаңалықтар
0