Қоғам

Украинадағы қазақстандықтарды алып келуге төртінші ұшақ жіберілді

 Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2022
Жазылу
28 ақпанда Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі елге жеткізілді
АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялау үшін төртінші ұшақ жолға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, төртінші репатриациялық рейс Атырау әуежайынан Польшаның Катовице қаласына Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:02-де ұшып шықты. Ұшақ Катовицеге сол жердің уақыты бойынша 16:26-де жетеді.
Айта кетері, бұған дейін 28 ақпанда Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі жеткізілді. Алғашқы рейспен 169 ересек, 6 бала елге оралды.
1 наурызда Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген екінші рейс Нұр-Сұлтанға жетті. Ол рейспен 120 ересек және 4 бала елге оралды.
Үшінші рейс 4 наурызда орындалды. Бортта 131 адам болды, оның 20-сы бала.
Жаңалықтар
0