https://sputnik.kz/20220308/zhattyqtyrushy-pavlodar-sport-kesheni-23370692.html
Жаттықтырушы биіктіктен құлады: Павлодардағы спорт кешені түсініктеме берді
Жаттықтырушы биіктіктен құлады: Павлодардағы спорт кешені түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. "Павлодар-сити" спорт кешені Sputnik Қазақстан тілшісіне оқыс оқиға болғанын растап, мән-жайды толығырақ айтып берді. 08.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-08T14:22+0500
2022-03-08T14:22+0500
2022-03-08T14:22+0500
оқиға
павлодар
https://sputnik.kz/img/07e5/02/10/16304614_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_1654a1c0e30a58d4e4617eca55aa9c05.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. "Павлодар-сити" спорт кешені Sputnik Қазақстан тілшісіне оқыс оқиға болғанын растап, мән-жайды толығырақ айтып берді."Спорт-сити" манежінде Ақсу футбол орталығы командасының жаттығуы өтті, – деді "Ертіс" балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің директоры Рахметулла Қасқырбаев. – Жаттығу барысында доп екінші қабатқа, жаттығу залының шатырына ұшып кеткен.Футбол орталығының әкімшісі жаттықтырушыдан допты алуды өтінген. Негізінен мұнда бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынған. Олар саты қойып, шатырға көтерілген. Доп тұрып қалған шахта аспалы төбе жабынымен жабылған, ол екі бөренеге бекітілген.Жаттықтырушы сол бөренемен жүріп, аяғы тайып, екінші қабаттан, шамамен алты метр биіктіктен баспалдақ аралығына құлаған болуы керек. Қайта баспалдақ сүйенішіне құламаған. Жаттықтырушы ешқандай кабинкаға көтерілмеген".Ол қазір жабық бөлмелерге бөтен адамның кірмеуін қадағалайтын техникалық қызметкердің әрекетіне қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатқанын хабарлады. Жауапты адамдар жазаланады. Ақсу футбол орталығы және футбол манежі теңгерімінде тұрған "Ертіс" мектебінің жаттықтырушы құрамымен нұсқаулық жүргізіледі.Қасқырбаев футбол манежінде жаттығатын балалардың ата-аналары ғимараттағы жарықшақтарға қатысты наразылық білдірді деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.Sputnik Қазақстан бұған дейін Павлодарда шамамен үш қабатты биіктікте орналасқан футбол манежінің бақылау кабинасынан 22 жастағы жаттықтырушы құлап түскенін хабарлаған болатын.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның мәліметінше, зардап шеккен азамат Павлодардағы 1-қалалық аурухананың көпжарақат бөліміне жеткізілді. Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, омыртқаның бел бөлігінің компрессиялық сынуы, түрлі жарақат диагнозы қойылды. Науқастың жағдайы орташа ауыр деңгейде және қанағаттанарлыққа жақын, ол есін біледі және сөйлесе алады.
https://sputnik.kz/20220308/pavlodarda-futbol-zhattyqtyrushy-23366214.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/10/16304614_646:0:2897:1688_1920x0_80_0_0_7dc3561f98e424b61274ed40f6ae8b47.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар
Жаттықтырушы биіктіктен құлады: Павлодардағы спорт кешені түсініктеме берді
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. "Павлодар-сити" спорт кешені
Sputnik Қазақстан тілшісіне оқыс оқиға болғанын растап, мән-жайды толығырақ айтып берді.
"Спорт-сити" манежінде Ақсу футбол орталығы командасының жаттығуы өтті, – деді "Ертіс" балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің директоры Рахметулла Қасқырбаев. – Жаттығу барысында доп екінші қабатқа, жаттығу залының шатырына ұшып кеткен.
Футбол орталығының әкімшісі жаттықтырушыдан допты алуды өтінген. Негізінен мұнда бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынған. Олар саты қойып, шатырға көтерілген. Доп тұрып қалған шахта аспалы төбе жабынымен жабылған, ол екі бөренеге бекітілген.
Жаттықтырушы сол бөренемен жүріп, аяғы тайып, екінші қабаттан, шамамен алты метр биіктіктен баспалдақ аралығына құлаған болуы керек. Қайта баспалдақ сүйенішіне құламаған. Жаттықтырушы ешқандай кабинкаға көтерілмеген".
Ол қазір жабық бөлмелерге бөтен адамның кірмеуін қадағалайтын техникалық қызметкердің әрекетіне қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатқанын хабарлады. Жауапты адамдар жазаланады. Ақсу футбол орталығы және футбол манежі теңгерімінде тұрған "Ертіс" мектебінің жаттықтырушы құрамымен нұсқаулық жүргізіледі.
Қасқырбаев футбол манежінде жаттығатын балалардың ата-аналары ғимараттағы жарықшақтарға қатысты наразылық білдірді деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.
"Нысан 2019 жылы пайдалануға берілді. Оның жай-күйінде мін жоқ. Құрылысшыларға еш наразылық жоқ. Мұнда 28 градус температура даладағы аязға қарамастан тұрақты сақталып келеді. Желдету жүйесі жұмыс істеп тұр", - деді Қасқырбаев.
Sputnik Қазақстан бұған дейін Павлодарда шамамен үш қабатты биіктікте орналасқан футбол манежінің бақылау кабинасынан 22 жастағы жаттықтырушы құлап түскенін хабарлаған болатын.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның мәліметінше, зардап шеккен азамат Павлодардағы 1-қалалық аурухананың көпжарақат бөліміне жеткізілді. Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, омыртқаның бел бөлігінің компрессиялық сынуы, түрлі жарақат диагнозы қойылды. Науқастың жағдайы орташа ауыр деңгейде және қанағаттанарлыққа жақын, ол есін біледі және сөйлесе алады.