https://sputnik.kz/20220308/pavlodar-kolik-muz-23363388.html
Павлодарда тұрақтағы көліктің үстіне мұз құлады
Павлодарда тұрақтағы көліктің үстіне мұз құлады
Sputnik Қазақстан
Сауда үйінің төбесінен түскен мұз көліктің шынысын сындырды. Көлік иесі сотқа жүгінбек 08.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-08T08:15+0500
2022-03-08T08:15+0500
2022-03-08T08:16+0500
оқиға
павлодар
көлік
мұз
https://sputnik.kz/img/07e6/03/07/23358669_145:0:1427:721_1920x0_80_0_0_2de716d301942d5b6f8c30ffdf32b62c.jpg
ПАВЛОДАР, 8 наурыз – Sputnik. Павлодарда тұрақтағы көліктің үстіне мұз құлады. Сауда үйінің директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.6 наурызда қала тұрғыны Toyota көлігін Торайғыров көшесіндегі 115 және 113 үйлердің арасында қойып, "Отау" сауда үйіне кірген.Біраз уақыттан кейін дабыл дыбысы естілген. Далаға шыққан ер адам алдыңғы және артқы әйнектерді сынған көлігін көрген. Мұз сауда үйінің төбесінен құлаған.Осы сауда үйінің директоры Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы ("қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол шатырды уақытылы тазалау жұмысын ұйымдастырмаған. Бұл бапқа сәйкес, жеке тұлғаларға - 20 АЕК (61 260 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 30 АЕК (91 890 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 40 АЕК (122 520 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК (306 300 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.Сондай-ақ, зардап шеккен көлік иесіне залалды өтеу үшін азаматтық сотқа жүгінуге кеңес берілді.
https://sputnik.kz/20220207/kolik-shaqyrym-jurisi-22575415.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/07/23358669_305:0:1266:721_1920x0_80_0_0_5b53d1577742bc422fc371188b87598c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, көлік, мұз
Павлодарда тұрақтағы көліктің үстіне мұз құлады
08:15 08.03.2022 (жаңартылды: 08:16 08.03.2022) Сауда үйінің төбесінен түскен мұз көліктің шынысын сындырды. Көлік иесі сотқа жүгінбек
ПАВЛОДАР, 8 наурыз – Sputnik. Павлодарда тұрақтағы көліктің үстіне мұз құлады. Сауда үйінің директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
6 наурызда қала тұрғыны Toyota көлігін Торайғыров көшесіндегі 115 және 113 үйлердің арасында қойып, "Отау" сауда үйіне кірген.
Біраз уақыттан кейін дабыл дыбысы естілген. Далаға шыққан ер адам алдыңғы және артқы әйнектерді сынған көлігін көрген. Мұз сауда үйінің төбесінен құлаған.
Осы сауда үйінің директоры Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы ("қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол шатырды уақытылы тазалау жұмысын ұйымдастырмаған.
Бұл бапқа сәйкес, жеке тұлғаларға - 20 АЕК (61 260 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 30 АЕК (91 890 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 40 АЕК (122 520 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК (306 300 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
Сондай-ақ, зардап шеккен көлік иесіне залалды өтеу үшін азаматтық сотқа жүгінуге кеңес берілді.