Қоғам

Көліктің қанша шақырым жүргенін қалай жасырады - сатып алушыға кеңес

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуКөлік рөлі
Көлік рөлі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2022
Жазылу
Маман көліктің салонындағы қандай белгілердің арқасында авто жүрісінің артқа бұралғанын анықтауға болатынын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан — Sputnik. Ресми дилерлер мен импорттаушылардың бағдарламалары, сондай-ақ машинаның борттық компьютерінің арқасында автомобильдің жүрісі бұралғанын білуге болады, деді маман Николай Баскаков Прайм-ге.
Егер мұндай деректер болмаса, салонды зерттеп, рөл дөңгелегінің жағдайына назар аудару қажет. Кілемше мен орындық материалының немесе терісінің тозуы, сызаттар және бақылау тақтасындағы біркелкі емес бекітпелерді қараған дұрыс.
"Кейде көлік иелері автомобильдің нақты жүрісін жасыру үшін орындық материалы мен рөл дөңгелегін жаңасына ауыстырады", - дейді маман.
Сарапшының айтуынша, газ бен тежегіш педалін тексерген жөн. Сол аяқтың астындағы жерді барынша мұқият қарау керек. Егер ол тозған болса, авто жүрісінің артқа бұралған болуы мүмкін.
Полиция устроила погоню за ВАЗ в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2022
Видео
Нұр-Сұлтанда полиция көлік айдап кеткен ер адамды соңынан қуып жүріп ұстады – видео
Жаңалықтар
0