Экономика

Standard&Poor's Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге, ақша
Теңге, ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2022
Жазылу
Рейтинг агенттігі Қазақстан экономикасы 2022 жылы 3,6% деңгейінде өседі деп болжап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Халықаралық Standard&Poor's рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB-/А-3" деңгейінде растады, болжам "тұрақты", деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Қазақстан рейтингін қолдайтын маңызды факторлар – ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары. Бұл ретте өтімді сыртқы активтердің болуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына оң әсерін тигізеді.
S&P мемлекеттік және сыртқы баланстар алдағы жылдары тұрақты болып қала беретінін және ықтимал макроэкономикалық тұрақсыздықты жұмсарту үшін жеткілікті болатынын атап өтті.
Бұл ретте, агенттіктің мәліметінше, Ресейге қатысты экономикалық санкциялардың салдарын еңсеруге болады. Ол Қазақстанның мұнай мен газ экспортының негізгі нарықтарына шығуына кедергі келтірмейді.
Әлихан Смайылов - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Экономика
Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрды
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның тиімді макроэкономикалық саясаты экономиканы әртараптандыру, жеке секторды дамыту, халықтың табысын арттыру, инвестициялық ахуалды жақсарту, салық саясатын жетілдіру бойынша шаралар аясында жалғаса береді.
Бұдан басқа, Ұлттық банктің несиелеу бағдарламаларынан шығуы артық теңгелік өтімділікті төмендетеді, сондай-ақ трансмиссиялық механизмдерді жақсартады.
Жалпы, Standard&Poor's агенттігі Қазақстан экономикасы 2022 жылы 3,6%-ке, 2025 жылға дейін орта есеппен 4%-ке жуық өседі деп болжап отыр.
Жаңалықтар
0