Экономика

Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрды

© Sputnik / Абзал КалиевӘлихан Смайылов
Әлихан Смайылов - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Жазылу
Штаб Ресейге салынған санкциялардың Қазақстан экономикасына әсеріне байланысты мәселелерді шешетін болады
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың өкімімен үкімет жанынан дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды.
Жедел штаб Ресей Федерациясына санкциялар пакетінің салынуына және олардың Қазақстан экономикасына тигізер әсеріне байланысты экономикада және бизнестегі проблемалық мәселелерді қарап, шешетін болады.
Жедел штаб құрамына негізгі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, кәсіпкерлік қауымдастығының өкілдері және салалық сарапшылар кірді.
Сонымен қатар жедел штабтың алдағы жұмысына отандық бизнес пен сарапшылар қауымдастығының басқа да өкілдері қатыса алады.
Бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жедел штабтың алғашқы отырысы өтті, онда көлік және логистика, контрагенттер арасындағы өзара есеп айырысу мәселелері, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелері талқыланды.
Жаңалықтар
0