Әлем

Қырғызстан Ресей мен Украинаның келіссөз алаңын ұйымдастыруға дайын – СІМ

Қырғызстан туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2022
Жазылу
Бішкек тараптарды бейбітшілік орнату туралы келісімге қол жеткізуге шақырды
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Қырғызстан Ресей мен Украина арасындағы келіссөз үшін алаң ұсынуға дайын деп мәлімдеді Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.
"Қырғызстан Ресей мен Украина өкілдері арасындағы келіссөз басталуын шын жүректен қолдайды, сондай-ақ осы бағытта делдал ретінде күш-жігерін салуға, қажет болған жағдайда бейбітшілік пен өзара түсіністікті орнату үшін алаң ұсынуға және қажетті көмек көрсетуге дайын екенін білдіреді", - деді Қазақбаев ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен Мәскеуде өткен келіссөз кезінде.
Ол сондай-ақ, Бішкек тараптарды бейбітшілік орнату туралы келісімге қол жеткізуге шақыратынын мәлімдеді.
Айта кетері, Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қажет болған жағдайда республика Ресей мен Украина елдерінің келіссөз алаңын ұйымдастыруға дайын екенін айтқан болатын.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей Украинада тыныштық режимін жариялады
Жаңалықтар
0