Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Украинада тыныштық режимін жариялады

© Sputnik / Антон ВергунАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Ресей Украинада сағат 10:00-ден бастап тыныштық режимін жариялады, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.
Қазіргі уақытта Мариуполь мен Волноваха қалаларынан бейбіт тұрғындар шығып кету үшін гуманитарлық дәліздер ашылып жатыр.
"Бүгін, 5 наурызда Мәскеу уақытымен таңғы сағат 10-дан бастап Ресей тарапы тыныштық режимін жариялап, Мариуполь мен Волновахадан бейбіт тұрғындар шығуы үшін гуманитарлық дәліздер ашылады", - деп хабарлады ведомство.
Гуманитарлық дәліздер мен шығу бағдарлары украиналық тараппен келісілген, деп жазды РИА Новости.
Мариуполь Донецк облысының оңтүстігінде, Азов теңізінің солтүстік жағалауында, Кальмиус өзенінің сағасында орналасқан. Волноваха — Донецк облысының оңтүстік-батысында, Донецктен 60 км жерде орналасқан қала. Волноваха ауданының әкімшілік орталығы.
Жаңалықтар
0