https://sputnik.kz/20220305/qazaqstan-khalqyna-qantar-oqigasy-23331640.html
"Қазақстан халқына" қоры қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге төлем жасай бастады
"Қазақстан халқына" қоры қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге төлем жасай бастады
Sputnik Қазақстан
Төлемдер органдардан алынған ресми тізім негізінде жүзеге асырылады 05.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-05T18:34+0500
2022-03-05T18:34+0500
2022-03-05T18:41+0500
қоғам
қаңтар
қазақстан
халық
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893779_0:3:3631:2045_1920x0_80_0_0_950fccfc4ae250595f5bd4def745d7a4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан күш құрылымдары қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне материалдық төлем аудара бастады."Қаза тапқан 19 және ауыр жарақат алған жүз алты ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметшілері және қорғаныс министрлігі мен Республикалық ұланның әскери қызметшілерінің отбасына төлем жасала бастады", - делінген қор сайтында жарияланған ақпаратта.Төлемдер органдардан алынған ресми тізім негізінде жүзеге асырылады. Бұл санаттағы зардап шеккендерге арналған төлемнің жалпы сомасы 451 миллион теңге.Еске салсақ, бұған дейін қамқоршылық кеңес Қор басқармасына қаза тапқан және ауыр жараланған әскери қызметкерлердің отбасыларына, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне төлем жасауды тапсырған болатын. Сондай-ақ, кеңес құзырлы органдарға кездейсоқ көз жұмған қарапайым халық қазасының мән-жайын анықтауды тапсырды. Олардың тізімін адам құқықтары және бала құқықтары жөніндегі уәкілдер қорға ұсынған болатын.Қор мемлекеттік органдардан тиісті ресми мәлімет алғаннан кейін осы санаттағы қаза болғандардың туыстарына төлем жасай бастайды.
https://sputnik.kz/20220209/bolat-nazarbaev-qazaqstan-khalqy-22654970.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893779_450:0:3181:2048_1920x0_80_0_0_331f758d08154509f1a70a3347c3ac04.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан халқына қор фонд народу казахстана
қазақстан халқына қор фонд народу казахстана
"Қазақстан халқына" қоры қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге төлем жасай бастады
18:34 05.03.2022 (жаңартылды: 18:41 05.03.2022) Төлемдер органдардан алынған ресми тізім негізінде жүзеге асырылады
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан күш құрылымдары қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне материалдық төлем аудара бастады.
"Қаза тапқан 19 және ауыр жарақат алған жүз алты ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметшілері және қорғаныс министрлігі мен Республикалық ұланның әскери қызметшілерінің отбасына төлем жасала бастады", - делінген қор сайтында жарияланған ақпаратта.
Төлемдер органдардан алынған ресми тізім негізінде жүзеге асырылады. Бұл санаттағы зардап шеккендерге арналған төлемнің жалпы сомасы 451 миллион теңге.
Еске салсақ, бұған дейін қамқоршылық кеңес Қор басқармасына қаза тапқан және ауыр жараланған әскери қызметкерлердің отбасыларына, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне төлем жасауды тапсырған болатын.
Сондай-ақ, кеңес құзырлы органдарға кездейсоқ көз жұмған қарапайым халық қазасының мән-жайын анықтауды тапсырды. Олардың тізімін адам құқықтары және бала құқықтары жөніндегі уәкілдер қорға ұсынған болатын.
Қор мемлекеттік органдардан тиісті ресми мәлімет алғаннан кейін осы санаттағы қаза болғандардың туыстарына төлем жасай бастайды.