https://sputnik.kz/20220305/mariupol-turgyn-uy-zharyldy-23326076.html
Мариупольде тұрғын үй жарылды: 200 адам үйінді астында жатыр
Мариупольде тұрғын үй жарылды: 200 адам үйінді астында жатыр
Sputnik Қазақстан
ДХР басшысы жарылысқа "Азов" жасағы жауапты екенін мәлімдеді. Ресей әскері жергілікті уақытпен 10.00-ден бастап тыныштық режимін жариялады 05.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-05T15:29+0500
2022-03-05T15:29+0500
2022-03-05T15:29+0500
әлем
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/07e6/03/05/23322217_0:0:3273:1842_1920x0_80_0_0_d11dc9a384902f063a438879aa62abb2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Мариупольде Меотид бульварында үй жарылды. Үйінді астында 200 адам жатыр, арасында балалар бар, деп хабарлайды РИА Новости ДХР басшысы Денис Пушилинге сілтеме жасап.Бұған дейін қорғаныс министрлігі Мариуполь мен Волновахадан бейбіт тұрғындарды шығару үшін 10.00-ден бастап тыныштық режимін жариялады."Бірнеше минут бұрын "Азов" жасағы бұған дейін қойылған жарылғыш затты іске қосты. Салдарынан Меотид бульвары, 15/20 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің тас-талқаны шықты. Қазір жертөледе үйінді астында 200 адам жатыр, олардың дені – әйелдер мен балалар", - деді ол.Мариуполь әкімшілігі Запорожья жағына қарай гуманитарлық дәліз ашқан. Бірақ ДХР билігіне арандатушылыққа байланысты оған жауапкершілік алу қиынға түсіп отыр.Владимир Путин 21 ақпанда Донбасс республикаларының өтінішінен кейін ЛХР және ДХР тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа қол қойды. 24 ақпан күні таңертең Ресей Украинада арнайы әскери операция бастады. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қарулы күштер әскери инфрақұрылым мен украин әскерлеріне ғана соққы жасап жатыр. Екі жақтан да қаза болғандар бар.
https://sputnik.kz/20220305/resey-ukraina-tynyshtyq-rezhimi-23319822.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/05/23322217_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_a68df5143956dde0affe3c22ecc32038.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй
Мариупольде тұрғын үй жарылды: 200 адам үйінді астында жатыр
ДХР басшысы жарылысқа "Азов" жасағы жауапты екенін мәлімдеді. Ресей әскері жергілікті уақытпен 10.00-ден бастап тыныштық режимін жариялады
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Мариупольде Меотид бульварында үй жарылды. Үйінді астында 200 адам жатыр, арасында балалар бар, деп хабарлайды
РИА Новости ДХР басшысы Денис Пушилинге сілтеме жасап.
Бұған дейін қорғаныс министрлігі Мариуполь мен Волновахадан бейбіт тұрғындарды шығару үшін 10.00-ден бастап тыныштық режимін жариялады.
"Бірнеше минут бұрын "Азов" жасағы бұған дейін қойылған жарылғыш затты іске қосты. Салдарынан Меотид бульвары, 15/20 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің тас-талқаны шықты. Қазір жертөледе үйінді астында 200 адам жатыр, олардың дені – әйелдер мен балалар", - деді ол.
Мариуполь әкімшілігі Запорожья жағына қарай гуманитарлық дәліз ашқан. Бірақ ДХР билігіне арандатушылыққа байланысты оған жауапкершілік алу қиынға түсіп отыр.
Владимир Путин 21 ақпанда Донбасс республикаларының өтінішінен кейін ЛХР және ДХР тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа қол қойды. 24 ақпан күні таңертең Ресей Украинада арнайы әскери операция бастады. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қарулы күштер әскери инфрақұрылым мен украин әскерлеріне ғана соққы жасап жатыр. Екі жақтан да қаза болғандар бар.