https://sputnik.kz/20220304/ukraina-aes-radiatsiyalyq-qauip-23293798.html
Украинадағы АЭС аумағындағы өрт: халыққа радиациялық қауіп төніп тұрған жоқ
Украинадағы АЭС аумағындағы өрт: халыққа радиациялық қауіп төніп тұрған жоқ
Sputnik Қазақстан
Ведомство хабарлауынша, радиациялық деңгей осы аумаққа тән нормадан ерекшеленбейді 04.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-04T13:00+0500
2022-03-04T13:00+0500
2022-03-04T13:11+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
өрт
https://sputnik.kz/img/07e6/03/04/23292245_0:270:3160:2048_1920x0_80_0_0_bbc05a751de925208b12130fd70ff628.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Украинаның Запорожье облысындағы АЭС маңында болған өрттен кейін ауаның радиациялық деңгейі өзгерген жоқ.Сағат 7.00-дегі (Нұр-Сұлтан уақытымен 11.00) жағдай бойынша Запорожье облысындағы радиациялық деңгей өзгеріссіз және адамдардың өміріне қауіп төндірмейді. Запорожье облыстық бақылау және аурулардың алдын алу мемлекеттік құрылымы радиациялық деңгейге зерттеу жүргізді", - деп хабарлады әскери-азаматтық әкімшілік Telegram-каналында.Ведомство хабарлауынша, радиациялық деңгей осы аумаққа тән нормадан ерекшеленбейді.Энергодар-9-12 мкР/сағ; Мелитополь-9-12 мкР/сағ; К-Днепровка - 11.2 мкР/ч; Бердянск, Орехов, Токмак, Черниговка, Андреевка-12.5 мкР/час; Пологи гамма-фон 11-14 мкР/сағ; Васильевка 16 мкР/сағ.Бұған дейін Запорожье атом электр станциясының жанында оқу-жаттығу корпусының бесқабатты ғимараты өртке оранғаны хабарланды.Атом электр станциясының негізгі тораптарына зақым келген жоқ.Запорожье атом электр станциясының жанындағы өрт туралы ақпарат 4 наурызға қараған түні тарады."Оқу-жаттығу кешеніне қарасты құрылыс нысандарының бірі әлі де өртеніп жатыр. Өрт 3-ші, 4-ші және 5-ші қабатқа тарады", - делінген ТЖМК-ның сағат 4:00-дегі (Нұр-Сұлтан уақытғы бойынша 8:00-дегі) ресми хабарламасында.Бүгін сағат 5.55 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9:55-те) Запорожье атом электр станциясының оқу-жаттығу корпусындағы өрт сөндірілді.Зардап шеккен және қайтыс болған адамдар жоқ.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/04/23292245_429:0:3160:2048_1920x0_80_0_0_ffca14d8569bf189a232b1be10035ca1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, өрт
Украинадағы АЭС аумағындағы өрт: халыққа радиациялық қауіп төніп тұрған жоқ
13:00 04.03.2022 (жаңартылды: 13:11 04.03.2022) Ведомство хабарлауынша, радиациялық деңгей осы аумаққа тән нормадан ерекшеленбейді
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Украинаның Запорожье облысындағы АЭС маңында болған өрттен кейін ауаның радиациялық деңгейі өзгерген жоқ.
Сағат 7.00-дегі (Нұр-Сұлтан уақытымен 11.00) жағдай бойынша Запорожье облысындағы радиациялық деңгей өзгеріссіз және адамдардың өміріне қауіп төндірмейді. Запорожье облыстық бақылау және аурулардың алдын алу мемлекеттік құрылымы радиациялық деңгейге зерттеу жүргізді", - деп хабарлады әскери-азаматтық әкімшілік Telegram-каналында.
Ведомство хабарлауынша, радиациялық деңгей осы аумаққа тән нормадан ерекшеленбейді.
Энергодар-9-12 мкР/сағ; Мелитополь-9-12 мкР/сағ; К-Днепровка - 11.2 мкР/ч; Бердянск, Орехов, Токмак, Черниговка, Андреевка-12.5 мкР/час; Пологи гамма-фон 11-14 мкР/сағ; Васильевка 16 мкР/сағ.
Бұған дейін Запорожье атом электр станциясының жанында оқу-жаттығу корпусының бесқабатты ғимараты өртке оранғаны
хабарланды.
Атом электр станциясының негізгі тораптарына зақым келген жоқ.
Запорожье атом электр станциясының жанындағы өрт туралы ақпарат 4 наурызға қараған түні тарады.
"Оқу-жаттығу кешеніне қарасты құрылыс нысандарының бірі әлі де өртеніп жатыр. Өрт 3-ші, 4-ші және 5-ші қабатқа тарады", - делінген ТЖМК-ның сағат 4:00-дегі (Нұр-Сұлтан уақытғы бойынша 8:00-дегі) ресми хабарламасында.
Бүгін сағат 5.55 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9:55-те) Запорожье атом электр станциясының оқу-жаттығу корпусындағы өрт сөндірілді.
Зардап шеккен және қайтыс болған адамдар жоқ.